Францияның «Пари Сен-Жермен» клубы футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионатының финалына берілген екінші жолдамаға ие болды. Париждің клубы жартылай финалда Испанияның «Реал Мадрид» командасымен ойнап, 4:0 есебімен жеңіске жетті. Матчта Фабиан Руис 6-минутта есеп ашса, одан кейін Усман Дембеле 9-минутта екінші голдың авторы атанды. «Реалдың қақпасына үшінші допты 27-минутта тағы да Фабиан Руис тоғытты. Ойынның соңында Гонсало Рамуш таблодағы есепті өзгертті. ...
Read More »Tag Archives: Футбол
Дастан Сәтпаев Чемпиондар лигасында гол салған ең жас футболшы атанды
Алматының «Қайрат» футбол клубының ойыншысы Дастан Сәтпаев отандық командалар арасынан UEFA Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу кезеңінде гол салған ең жас футболшы атанды. Ол Словенияның «Олимпия» жасағымен матчтың 59-минутында әріптесі Жоржиньоның берген пасын тиімті пайдаланып, қақпаны дәл көздеді. Алайда алаң иелерінің Диогу Пинто деген футболисі 66-минутта есепті теңестіріп, командасын жеңілістен құтқарып қалды. Бұл ойын осылай, 1:1 есебімен аяқталды. Сәтпаев бұған дейін ...
Read More »Еуропада «Арландар» клубына құрмет көрсетілді
Биыл «Арландар» футбол клубының Португалия футболымен байланыс орнатып, бірлесіп жұмыс істеп келе жатқанына он жыл болып отыр. Клубтың сол еңбегін ескерген Лиссабон футбол ассоциациясы «Арландар» клубын 100 жылдық мерейтойлық медалімен марапаттады. Қазіргі таңда төрт шәкіртіміз Португалияның түрлі деңгейдегі академияларында білім алып жатыр. Португалиядағы «Брагалона» футбол клубының құрылтайшысы. Португалияның екі футбол академиясымен әріптестік келісім шарт жасасты. Балалар турнирі арасындағы әлемдегі №1 ...
Read More »Almaty арнасы Ақын Ордабайұлын марапаттады
Жуырда Almaty теларнасы шағын футболдан аламан жарыс ұйымдастырған болатын. Сол турнирде телеарна туралы мақалаларға конкурс жариялайтынын жария еткен еді. Мен қаламды қолға алып бір көлемді мақала жазып сайыста бір бағымды байқап көрейін деп жібергенмін. Міне, Алла тағала нәсіп етіп, мақалам үздік болып танылыпты. Almaty телеарнасының бас продюсері Ралида ханым мен айтулы ақпарат құралының ардақты азаматы Алмас мені БАҚ редакциясына шақырып, ...
Read More »Ақтауда 10 мың адамға заманауи стадион салынады
Маңғыстау облысы әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен өткен жиында Ақтау қаласында салынатын жаңа стадионның тұжырымдамасы талқыланды, деп хабарлады өңір басшысының баспасөз қызметі. Жобаны «Қазақ энергетика және байланыс ғылыми-зерттеу жобалау институты» ЖШС өкілдері таныстырды. Жоспар бойынша Ақтауда 10 000 көрерменге арналған көпфункционалды стадион бой көтереді. Жаңа спорт нысаны заманауи талаптарға сай салынып, футбол академиясымен жабдықталады. Мұнда спортшыларға қажетті барлық жағдай жасалып, оқу-жаттығу ...
Read More »Алып-ұшып алпыстың асқарына да келіп қалыппын
«Уақыт деген аққан судай, соққан желдей, көрген түстей өте шығады», деген екен Бейімбет Майлин. Расыменде алпыстың асқарына қалай келіп қалғанымды білмей де қалыппын. Осы бір келген алпысымды тыныш жатып қарсы алуды жөн көрмей, жарыс өткізіп, бір іс-шара жасап жіберген едік. Иә, «Артқа қарайлаған сайын қартаясың», демекші Алла берген осы жасымда қазақ еліне не істей алғаным туралы бір есеп берейін, ол ...
Read More »Ақын Ордабай асқаралы алпыс жасқа келді
Бұқаралық ақпарат қызметкерлері күнімен бірге менің әріптесім, досым, ағам, замандасым Ақын Ордабайдың жеке мерекесі — көптен күткен мерейтойы да келіп жетті. 60 жас! Ел ағасы жасы! Тамаша сан! Спорт саласында жүрген азаматтар қатарында Ақынды білмейтін жан жоқ шығар. Өз өмірін 30 жылдан астам спорт журналистикасына «қиған» тұлға бүгінде өз жемісін көруде: С. Бердіқұлов атындағы жүлденің лауреаты, қанды Желтоқсан қозғалысының сыйлы ...
Read More »Клубтар арасындағы ӘЧ: Месси «Пари Сен-Жерменге» қарсы ойнайды
Осы күндері Америка Құрама Штаттарында футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионаты болып жатыр. Бұл бәсеке алғаш рет 2010 жылы ұйымдастырылса, содан бері оған биылғыдай 33 клуб қатыспаған еді. Бұған дейін дүрмекті додаға саусақпен санауға болатын командалар ғана қатысатын. Ал биыл оған әлемнің жер-жерінен өз құрлықтарындағы турнирлер мен жарыстарда аты озған жасақтар жиналып отыр. Олар 8 топқа бөлінген. Өз группаларында алғашқы екі ...
Read More »Almaty арнасы ұйымдастырған аламан
«Адамзат бөз бермейді сөз береді», деген екен ата—бабамыз. Қазіргі ақпарат жүйелері тоғысып, оқырман қауымға ағыны тасқындап жатқан заманда БАҚ өкілдерінің қызметі еселей түсуде. Сөз тіршіліктің құралы болса, сол сөз құдіретінің тонын теріс айналдырып оқырманның назарына жеткізіп жатқан қаламгерлердің еңбегі адал деп білеміз. Баспасөз бен теледидардың қазақ қоғамындағы ролі ерекше. Оны көзі ашық көркірегі ояу оқырман жақсы біледі. Ахмет Байтұрсыновша айтқанда ...
Read More »Еурокубоктың жеребесі: Қазақстан клубтарының қарсыластары анықталды
Еліміздің үш футбол клубының Еуропа кубоктарындағы қарсыластары белгілі болды. Алматының «Қайрат» командасы УЕФА Чемпиондар лигасында Словенияның «Олимпия» клубымен ойнайды. Олар 8-9 шілде және 15-16 шілде күндері келесі кезең жолдамасын сарапқа салады. «Ақтөбе» мен Шымкенттің «Ордабасы» жасақтарының да қарсыластары анықталды. Ақтөбенің клубы Еуропа лигасының алғашқы іріктеу сатысында Польшаның «Легия» (Варшава) клубына қарсы ойнайды. Матчтар 10 және 17 шілдеге жоспарланған. Ал Шымкенттің ...
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары