Астанада әлемде тұңғыш рет бір елдің шахматтан әйелдер командасы әлем құрамасына қарсы ойынды бастады Бұған дейін мұндай жарыс үш рет тек ерлер құрамалары арасында өткізілген болатын. Биылғы әйелдер матчында Қазақстан мен әлем құрамалары ойындарға екі командадан қатыстырып жатыр. «А» командаларының құрамында төрт ересек спортшы бар. Ал «В» командалары – 14, 16, 18 және 20 жасқа дейінгі спортшылар. Матчтың жеребе тарту ...
Read More »Tag Archives: шахмат
Қазақстан шахматшылары мен әлем құрамасы арасындағы матч басталды
Астанада шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасы мен әлем құрамасының арасындағы матч басталды. Бұл туралы Qazsport хабарлады. Бұл матч 19 сәуірге дейін «Астана» халықаралық қаржы орталығында рапид және блиц түрлері бойынша өтеді. Ұлттық команданы гроссмейстер Гүлмира Дәулетова, әлем құрамасын гроссмейстер Дана Рейзниеце-Озола бастап отыр. Әр команданың құрамында 8 адамнан бар. Шахмат тақтасында Қазақстан атынан Бибісара Асаубаева, Жансая Әбдімәлік, Динара Сәдуақасова, Меруерт Камалиденова, ...
Read More »Астанада шахматтан әлем чемпионаты басталды
7 сәуір мен 1 мамыр аралығында Астанада шахматтан әлем чемпионаты өтеді. Онда әлем чемпионы атағы үшін Ян Непомнящий (ФИДЕ) мен Дин Лижень (ҚХР) бақ сынайды. Кеше Astana Ballet театрында чемпионаттың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Қазақстан астанасына әлемнің түкпір-түкпірінен танымал шахматшылар, халықаралық шахмат федерациясының өкілдері келді. Ян Непомнящий (2793) мен Дин Лижень (2788) ФИДЕ әлемдік рейтингінде екінші және үшінші орындарда тұр. ...
Read More »Бибісара Асаубаева гран-при турнирінде 6-орынға көтерілді
Шахматшы Бибісара Асаубаева әйелдер арасындағы ФИДЕ-нің Uран-при турнирінің үшінші кезеңінен кейін жалпы есепте 6-орынға көтерілді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Шахматшы Гран-при турнирінің Астана (30 ұпай) мен Нью-Делидегі (163 ұпай) кезеңдеріне қатысты. Ал жылдың басында Германияның астанасы — Берлин қаласында өткізілген кезеңінде ойнаған жоқ. Енді ол мамырда Кипр астанасы Никосия қаласында өтетін шешуші кезеңге барады. Бұл турнирде 3-4 шахматшының жалпы есепте жеңімпаз атануға ...
Read More »Жансая Әбдімәлік пен Бибісара Асаубаева бірге әлем чемпионатына қатысады
7 сәуір мен 1 мамыр аралығында астанада 2023 жылғы шахматтан әлем чемпионаты өтеді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі хабарлады. Жарыста Жансая Әбдімәлік, Динара Сәдуақасова, Бибісара Асаубаева бастаған қазақстандық шахматшылар ел намысын қорғайды. Ал әлем чемпионы атағына Ян Непомнящий мен Дин Лижен таласады. Бұған дейін блиц бойынша екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева шахматшы Жансая Әбдімәлікті сынаған еді. Ол Жансая ...
Read More »Бибісара Асаубаева Гран-приде бірінші орында келеді
Шахматтан әлемнің екі дүркін чемпионы Бибісара Асаубаева Үндістанның Дели қаласында өтіп жатқан Гран-придің сегізінші турынан кейін 1-орнын сақтап қалды. Жарыстың келесі күні Бибісара Асаубаева турнирдің басты фавориттерінің бірі – қытайлық Чжу Цзиньэрмен тең ойнады. Осы тең ойын Асаубаеваға Гран-придің үшінші кезеңінен кейін бірінші орнын сақтап қалуға мүмкіндік берді. Қазір шахматшыда 5 ұпай бар: Ол 4 рет жеңіп, екі рет тең ...
Read More »Бибісара Асаубаева Гран-при турнирін жеңіспен бастады
Шахматтан әлемнің екі дүркін чемпионы Бибісара Асаубаева Үндістанның астанасы – Дели қаласында өтіп жатқан Гран-при турнирінде алғашқы жеңісіне жетті. Ол бірінші турда алаң иесі Рамешбабу Вайшалиді ұтып, қалтасына бір ұпай салды. Бұл турнир лайықты деңгейде ұйымдастырылмағандықтан бір күнге кешігіп басталған болатын. Соның кесірінен Жансая Әбдімәлік пен Германияның өкілі Элизабет Петц жарысқа қатысудан бас тартты. Қазір турнирге қатысатын 12 шахматшының орнына ...
Read More »Президент шахматшы Динара Сәдуақасовамен кездесті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласы шахмат федерациясының құрметті президенті Динара Сәдуақасовамен кездесті. Президент шахматтан әйелдер арасында халықаралық гроссмейстер Динара Сәдуақасовамен елімізде шахматты дамыту жөнінде пікір алмасты. Мемлекет басшысына Динара Сәдуақасова елімізде шахматтың танымалдылығын арттыру үшін атқарылып жатқан жұмыстар және болашақтағы жоспары туралы айтты. Оның айтуынша, балалар арасында шеберлік сағаттары мен квалификациялық турнирлер ұдайы ұйымдастырылып тұрады. Президент Динара Сәдуақасованы тағы ...
Read More »Дәрмен Сәдуақасов Азия шахмат федерациясының вице-президенті болды
Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы — Әбу-Даби қаласында өтіп жатқан Азия шахмат федерациясының (ACF) саммитінде белгілі гроссмейстер, Қазақстан шахмат ұйымы президентінің бірінші орынбасары Дәрмен Сәдуақасов Азия шахмат федерациясының вице-президенті болып сайланды. Бүгінгі таңда ACF құрамына 54 елдің шахмат федерациясы кіреді. Оның ішінде Қазақстан шахмат федерациясы да бар. Сайлауда Азия шахмат федерациясының мүшелері кеңесе отырып, бірауыздан Дәрмен Сәдуақасов ACF вице-президенті етіп сайлады. ...
Read More »Ресей шахматшылары Азия федерациясының құрамына кірді
Ресей шахмат федерациясы Еуропадан шығып, Азия федерациясы құрамына қабылданды. Бұл туралы ТАСС хабарлады. Біріккен Араб Әмірлігінің астанасында өткен Азия шахмат федерациясы (ACF) бас ассамблеясының делегаттары Ресей шахмат федерациясын ұйым құрамына қабылдау үшін дауыс берді. Қорытындыда Ресей шахмат ұйымын қабылдауды 29 делегат қолдады. 1 адам қарсы шығып, 6 қатысушы қалыс қалды. Ресей шахмат федерациясының бақылау комитеті ұйымның ACF-ке өтуі жөніндегі шешімін 2022 ...
Read More »