Шахматтан әйелдер арасында гроссмейстер, ерлер арасында халықаралық шебер, шахмат тарихындағы блицтан ең жас әлем чемпионы Бибімсара Асаубаеваның суреті бейнеленген пошта маркасы шықты. «Қазпошта» АҚ-тың хабарлауынша, акционерлік қоғам «Қазақстан чемпиондары» тақырыбында «Спорт» сериясымен пошта маркасын шығарған. Пошта маркаларында шахматшы Бибісара Асаубаева мен теннисші Елена Рыбакина бейнеленген. Бибісара Асаубаева – әйелдер арасында гроссмейстер, ерлер арасында халықаралық шебер. Ол шахмат тарихындағы блицтан ең ...
Read More »Tag Archives: шахмат
Алматыда шахматтан Азия чемпиондары анықталды
Алматыда шахматтан Азия чемпионаты аяқталды. Оның жабылу салтанаты Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында болды. Қазақстан шахмат федерациясы хабарлауынша, жарыста өзбекстандық гроссмейстер Шамсиддин Вохидов «Азияның шахмат королі» атанды. Ирандық гроссмейстер Бардия Данешвар күміс медальді иеленді. Ал Қазақстан құрамасынан ала тақта додасына қатысқан Әлішер Сүлейменов қола жүлдеге ие болды. Төртінші орынды Үндістаннан келген гроссмейстер Абхиманью Пураник алды. Әйелдер арасында «Азияның шахмат тәжін» ...
Read More »Жансая Әбдімәліктің кімге тұрмысқа шыққаны белгілі болды
Белгілі шахматшы Жансая Әбдімәлік тұрмысқа шықты. Күйеу жігіт өзінен 11 жас үлкен, деп хабарлайды Qaz365.kz. Ол – «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриев. Нұрахмет Қанатұлы 1989 жылы туған. Ұлыбританияда білім алған, сонымен қатар Anglia Ruskin University іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесіне ие. 2011 жылдан 2013 жылға дейін Hamble Group-та қаржылық талдаушы болып жұмыс істеген. 2013-2015 жылдары Павлодар және Атырау қалаларында мұнай ...
Read More »Жансая Әбдімәлік тұрмыс құрды
Қазақстанның үздік шахматшысы Жансая Әбдімәлік тұрмысқа шықты. Instagram-да жарияланған фотосуретте шахматшы гүл шоғын ұстап, ақ көйлек киіп, жұбайымен құшақтасып тұр. Мәңгілікке сендікпін, сен мендіксің, — деп жазды шахматшы. Әбдімәлік бала кезінен шахматпен айналысқан. Ол 14 жасында Қазақстанның ең жас гроссмейстері атанды. Қазір оның қоржынында республикалық және ірі халықаралық жарыстардың жүлделері бар. 2019 жылы Жансая Әбдімәлік 20 жасқа дейінгі әлемдегі ең ...
Read More »Аланна Берікқызы мен Әмина Қайырбекова шахматтан әлем чемпионы атанды
Грекияның Родос қаласында мектеп оқушылары арасында шахматтан әлем чемпионаты аяқталды. Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, 14-22 сәуір аралығында өткен шахмат додасына 7-17 жас аралығындағы 500-ден аса оқушы қатысты. Бұл жарыста Қазақстан құрамасы жүлде саны жағынан бірінші орын (2 алтын, 2 күміс, 5 қола) алды. G09, яғни 9 жасқа дейінгі ойыншылар арасында классикалық шахматтан Аланна Берікқызы мен Әмина ...
Read More »Астанада тағы бір жүлде қоры көп жарыс өтеді
23-30 сәуір аралығы Астанадағы Ұлттық теннис орталығында («Beeline Arena») шахматтан ерлер мен әйелдер арасында Kazakhstan Chess Cup ашық турнирі өтеді. Оған Александр Рахманов (FIDE), Тамир Набати (Израиль), Тимур Гареев (АҚШ), Виталий Сивук (Украина), Денис Махнев (Қазақстан) пен басқа да шахматшылар қатысады. Ашық турнирге қатысушылардың рейтингі есепке алынбайды. Жарысқа жарнасын төлеген адамдар мен екі санаттан төмен емес шахматшылар жіберіледі. Турнирге жарнасыз ...
Read More »Бибісара Асаубаев жаңа атақ алды
Шахматтың блиц түрінен екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері» атағын алды. Бибісара — әйелдер арасындағы халықаралық гроссмейстер, ерлер арасындағы халықаралық шебер атағын алған шахматшы. Ол 2004 жылы Тараз қаласында туған. 2021 және 2022 жылдары қатарынан екі рет әлем чемпионы атанып, әлемнің ең үздік жас шахматшысы атағын да алған. Сонымен бірге ол 2021 жылы шахматтың ...
Read More »Шахматтан әлем құрамасы Қазақстанды ұтты
Астанада шахматтан алғаш рет өткен Қазақстан әйелдер құрамасы мен әлем командасының арасындағы матч аяқталды. Бұл кездесуде әлем құрамасы командалық есеп бойынша жеңіске жетті. Қазақстан құрамасы рапидте жақсы ойнаса да қарсыластарынан бес ұпайға жеңіліп қалды. Есеп — 29.5-34.5. Сол сияқты блицте де 13 ұпай айырмашылығымен 25.5:38.5 есебімен ұтылды. Қорытынды есеп 55:73 болып әлем құрамасының пайдасына шешілді. Қазақстан командасына әлемнің төрт дүркін ...
Read More »Тағы бір Қазақстан шахматшысы әлемнің төрт дүркін чемпионын ұтты
Астанада шахматтан алғаш рет өтіп жатқан Қазақстанның әйелдер құрамасы мен әлем командасының арасындағы матчта Меруерт Камалиденова әлемнің төрт дүркін чемпионы қытайлық Хо Ифанды ұтты. Меруерт Камалиденованың өзі шахматтан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы, классикалық шахматтан былтырғы жылғы Қазақстан чемпионы. Жасы – 17-де. Қазақстан шахмат федерациясының хабарлауынша, ол әлемнің мықты шахматшыларының бірі саналатын Қытай өкілін аса қиналмай, сенімді түрде жеңді. Бұған дейін ...
Read More »Бибісара Асаубаева шахматтан төрт дүркін әлем чемпионын ұтты
Шахматшы Бибісара Асаубаева Қазақстан мен әлем құрамаларының бірінші матчында шахматтан төрт дүркін әлем чемпионы, қытайлық Хоу Ифанды ұтты. Бибісара Асаубаева 2021 жылы шахмат тарихында блицтен ең жас чемпион атанып, Гиннестің рекордтар кітабына енген. Ол былтыр блиц бойынша екі дүркін әлем чемпионы атанды. Ал биыл ол Үндістанның Дели қаласында өтіп жатқан Гран-при турниріне қатысты. Қазақстан мен әлем құрамаларының матчы 19 сәуірге ...
Read More »