Кәсіби теннисшілер қауымдастығының (ATP) жаңартылған рейтингісінде Бейбіт Жұқаев 187-орыннан 186-ға көтерілді, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Бұл – оның дүниежүзілік рейтингтегі үздік көрсеткіші. Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 32-орнын сақтаса, Тимофей Скатов – 215, Денис Евсеев – 226, Михаил Кукушкин 229-сатыда тұр. Жұптық сында Александр Недовесов – 44, Андрей Голубев 61-орнында қалды. Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) жаңартылған рейтингісінде Елена Рыбакина ...
Read More »Tag Archives: Қазақстан теннис федерациясы
Меруерт Каукеева теннистен төрешінің күміс белгісін алды
Меруерт Каукеева мінбедегі төрешінің күміс белгісіне ие болды. Сөйтіп ол әлемдік төрешілер қауымдастығынан мұндай жоғары атақ алған екінші қазақстандық қазы атанды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Теннис федерациясының мәліметіне қарағанда, «Күміс белгі» (Silver Badge) төрешілерге кәсіби қызметіне қарап беріледі. Бұл белгіні алу үшін кемінде 60 матчқа төрелік ету керек. Бұл матчтардың бәрі халықаралық деңгейде өткізілетін ойындар болу керек. Сондай-ақ «Алтын ...
Read More »Теннистен жасөспірімдер құрамасы үздік ондыққа кірді
Қазақстанның 16 жасқа дейінгі теннисшілер арасындағы қыздар құрамасы Испанияның Кордова қаласында өткен Billie Jean King Juniors Finals турнирінің қорытындысы бойынша үздік ондыққа кірді, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Бұл 16 жасқа дейінгілер арасындағы қыздар үшін алғашқы командалық әлем чемпионаты болды. Құрама команда алдымен В тобында үшінші орынға ие болды. Құрама бірінші ойында Аргентина командасын 2:1 есебімен жеңгенімен, Бразилия мен Ұлыбританияға ...
Read More »Рыбакина үшін бар жағдайды жасап жатырмыз — Теннис федерациясы
Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне қатысқан ел құрамасының ойынын қорытындылады. Ол Теннис федерациясының атынан Қазақстанның әйелдер құрамасының Испанияның Севилья қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатындағы сәтсіздігін түсіндірді. Федерацияның вице- президенті Қазақстан теннис құрамасының «Билли Джин Кинг кубогының» финалдық кезеңіне жақсы ойыншылармен барғанын айтты. Оның айтуынша, шын мәнінде Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне әлемнің үздік ...
Read More »Биыл Рыбакина 2 млрд 200 млн теңге табыс тапты
Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі әйелдер арасындағы еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаның биылғы табысы туралы мәлімет жариялады. Елена Рыбакина биыл 4,6 млн АҚШ доллар (шамамен 2 млрд 200 млн теңге) табыс тапты, — деп хабарлады федерацияның баспасөз қызметі. Сонымен бірге хабарламада табысы ең жоғары он теннисшінің тізімі жарияланды. Бұл тізімде бірінші орында Беларусь өкілі Арина Сабаленко келеді. Ол биыл 7,3 ...
Read More »Теннисші Ясмин Дюсембаева Испаниядағы турнирдің жеңімпазы атанды
Теннисші Ясмин Дүйсембаева Испанияның Санта Понса қаласында 12 жасқа дейінгілер арасында екінші санаттағы Tennis Europe сериясы бойынша өткен турнирдің жеңімпазы атанды. Қазақстан теннис федерациясының хабарлауынша, Ясмин финалда Болгарияның өкілі Майя Михованы 7:5, 6:2 есебімен жеңді. Ұлдар арасында тағы бір теннисшіміз Ахмади Маханов финалға дейін жетіп, корт иесі Томас Мартинден 1:6, 1:6 есебімен жеңілді. Ал жұптық сында Ахмади Балқан Нұрдәулетпен бірге ...
Read More »Теннис: Әмір Омарханов — ITF Juniors J60 турнирінің жеңімпазы!
Теннисші Әмір Омарханов Грузияның астанасы – Тбилиси қаласында 18 жасқа дейінгілер арасында өткен ITF Juniors J60 турнирінің абсолютті жеңімпазы атанды. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы хабарлады. 15 жастағы теннисші — Қарағанды теннис мектебінің түлегі. Қазір ол Чехияда жаттығып жүр. Грузиядағы турнирде ол жекелей және жұптық сында үздік атанды. Әмір жекелей сында әзербайжандық Канан Гасимовты 6:1, 6:3 есебімен ұтты. Ол финалға ...
Read More »