• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: қола медаль

    Азия чемпионаты: Қазақстан паратаэквондо құрамасы бес жүлдені жеңіп алды

    Малайзияның Кучинг қаласында паратаэквондодан (пумсэ) өткен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының спортшылары 2 алтын, 2 күміс және 1 қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлады Таеквондо федерациясы. Абзал Ахметкерей (Р31 санаты) мен Карен Овсепян (Р33 санаты) чемпион атанды. Елдос Жәнібек (Р34 санаты) пен Дәурен Серіков (Р33 санаты) күміс жүлдегер болса, Айдарбек Расқалиев (Р21 санаты) қола медальді иеленді. Енді таяу арада Астанада таэквондодан ...

    Read More »

    Семсерлесуден ӘЧ: Қазақстан тарихи қола жүлдені жеңіп алды

    Семсерлесуден Грузияның Тбилиси қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында сапы сайысынан сынға түскен Кирилл Проходов, Руслан Курбанов, Вадим Шарлаимов пен Эльмир Әлімжанов төрттігі үшінші орын жарыста тоғыз дүркін Олимпиада чемпионы (1908, 1924, 1932, 1948, 1980, 1988, 2004, 2008, 2016) Францияны жеңіп, қола жүлдеге ие болды деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Екі елдің құрама командасы 2023 жылдың ...

    Read More »

    Грек-рим күресінен ӘЧ: Қазақстан балуандары тағы екі жүлде алды

    Грекияның астанасы — Афина қаласында грек-рим күресінен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір күміс, бір қола жүлде түсті. Бұл жолы Асқар Нұрәли (55 кг) күміс жүлдегер атанса,  Шамил Досбол (65 кг) қола медальді иеленді. Бұған дейін осы дүрмекті додада Нұрдәулет Құмарұлы (48 кг) финалда қарсыласынан жеңіліп, екінші орын алған еді. Енді Жаңажол ...

    Read More »

    Қазақстан қоржыны жеті жүлдемен толықты

    Бүгін Алматыда  үстел теннисінен WTT Youth Contender халықаралық турнирі мәресіне жетті. Бұл жарыста отандастарымыз  екі күміс және бес қола медаль жеңіп алды. Оған Азия, Африка, Америка, Еуропадан 235 спортшы қатысты. Турнирде мына спортшылар жүлдегенлер қатарынан көрінді. 2-орын Алан Құрманғалиев (жаттықтырушысы — Эльмира Алиева, Қарағанды). 2-орын Злата Стадник (жаттықтырушысы — Татьяна Ким, Қарағанды). 3-орын Қарақат Мейрхан (жаттықтырушысы Бауыржан Шайхин, Семей қ.). 3-орын Аделя Әлжанова (жаттықтырушылары — Ернар Ыбырай, Дмитрий Переверзев, Қызылорда). 3-орын Нұрдәулет Азаматұлы (жаттықтырушысы — ...

    Read More »

    Универсиада: Қазақ қызы алғашқы жүлдені жеңіп алды

    Германияда өтіп жатқан ХХХІІ Дүниежүзілік жазғы Универсиадада Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы жүлде түсті. Бұл медальді көркем гимнастикадан Айбота Ертайқызы таспа жаттығуда қалтасына басты. Ол үздік үштіктен орын алды. Бас жүлдені 18 дүркін Азия чемпионы Тахмина Икромова (Өзбекстан) жеңіп алса, күміс медальді бейтарап спортшы, әлем чемпионы Алина Харнаско иеленді.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА          

    Read More »

    Challenge Cup: Қазақстан спорттық гимнастикадан үш медаль алды

    Ташкент қаласында спорттық гимнастикадан Challenge Cup турнирінде ұлттық құраманың үш спортшысы құрмет тұғырының ең биік сатысына  көтерілді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Қоссырық жаттығуының финалында Ильяс Азизов күміс (13.100 ұпай), тағы бір отандасымыз Дмитрий Патанин қола жүлдегер (12.700 ұпай) атанды. Бұл жаттығуда жарыс иесі Акрорхон Темірхонов 13.550 балл жинап, топ жарды. Әйелдер арасында бөрене ...

    Read More »

    U23 Азия чемпионаты: Қазақстан балуандары топ жарды

    Вьетнамның Вунгтау қаласында өтіп жатқан грек-рим күресінен U23 жас санатындағы Азия чемпионатында басқа салмақтағы жүлдегерлер анықталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Бүгін ерлер 4 салмақта сынға түсті. Соның ішінде Қазақстан командасына 2 жүлде бұйырды. Алтын медальді Ерасыл Мамырбеков (-55 кг), күміс жүлдені Мақсат Сайлау (-87 кг) алды. Сөйтіп, грек-рим күресінен 23 жасқа дейінгі  ұлттық ...

    Read More »

    Қазақстан садақ атудан Азия кубогының кезеңінде қола жүлде алды

    Сингапурда садақ атудан Азия кубогының кезеңі болып жатыр. Жарыста Қазақстан садақшылары әйелдер командалары арасында блоктық садақ атудан қола медаль үшін бақ сынады. Қазақстан құрамасы Бангладеш спортшыларымен нысана көздеп, оларды 230:224 есебімен жеңді. Команданың намысын Әдел Жексенбинова, Роксана Юнусова мен Виктория Лян қорғады. Енді Азия кубогының алтын жүлдесі үшін Үндістан мен Малайзия командалары бақ сынайды. Жартылай финалда Қазақстан құрамасы Үндістаннан небәрі ...

    Read More »

    Қазақстан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды

    Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасы спорттық гимнастикадан командалық көпсайыста қола жүлдегер атағына ие болды. Бұл жүлдені Нариман Курбанов, Милад Карими, Дмитрий Патанин, Роман Маменов, Ілияс Әзізов пен Әлішер Тойбазаров жеңіп алды. Олар жалпы 240.301 ұпай жинады. Ұлттық Олимпиялық комитеттің хабарлауынша, бірінші орынды Жапония құрамасы (253.002 ұпай), екінші орынды Қытай құрамасы (248.265 ұпай), үшінші орынды ...

    Read More »

    Көркем гимнастика: Қазақстан құрамасы қола жүлдегер атанды

    Көркем гимнастикадан Әзербайжанның Баку қаласында өтіп жатқан әлем кубогы үшін жарыста Қазақстан құрамасы 5 лента жаттығуында 21.850 ұпай жинап, қола жүлдені жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Қытай спортшылары (25.150) жеңімпаз атанса, Израиль командасына 23.000) күміс медаль бұйырды.  

    Read More »