• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: әлем чемпионаты

    ФИФА әлем чемпионатын екі жыл сайын өткізу идеясынан бас тартты

    Халықаралық футбол федерациясы әлем чемпионатын екі жыл сайын өткізу идеясынан бас тартты. ФИФА-ның әлемдік даму департаментінің басшысы Арсен Венгердің айтуынша, қазір Халықаралық футбол федерациясы 4 жылдық циклмен жұмыс істеп жатыр. Бұдан былай екі жылдық цикл туралы әңгіме болуы мүмкін емес. «Мен басында бұл жақсы идея деп ойладым. Бірақ мұндай өзгерістер іріктеу күнтізбесін толық қайта қарауды талап етеді. Біз қазір мұны ...

    Read More »

    Сенсация: Марокко жартылай финалға шықты

    Футболдан Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына шыққан тағы бір команда анықталды. Ол — Марокко құрамасы. Ширек финалда Марокконың жасағы Португалия құрамасын 1: 0 есебімен жеңіп, африкалық командалардың арасында алғаш рет ½ финалға жолдама алды. Ойындағы жалғыз голды 42-минутта Юссеф Эн-Несири салды. Ол кезекті қарсы шабуыл кезінде допты баспен ұрып қақпаның торына дәл түсірді. Оның тура соққан добын қақпашы ...

    Read More »

    Қазақстан әлем чемпионатында алғаш рет финалға шықты

    Тунисте үстел теннисінен жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Алан Құрманғалиев финалға шықты. Жартылай финалда Алан Құрманғалиев египеттік  Хана Годамен бірге аралас жұпта жапониялық Такуми Танимото – Рин Менде тандемімен кездесіп, қарсыластарын 3:2 есебімен ұтты. Қазақстан үстел теннисі федерациясының хабарлауынша, отандасымыз жартылай финалда өзін жақсы қырынан көрсете білді. Шабуылдап, қатты соққылар жасап, жұптасын да қолдап отырды. Матчтан кейін Хана Годаның ...

    Read More »

    Алан Құрманғалиев әлем чемпионатының тұңғыш жүлдегері атанды

    Тунисте үстел теннисінен өтіп жатқан әлем чемпионатында Алан Құрманғалиев елімізге алғашқы жүлдені жеңіп алды. Алан Құрманғалиев (жаттықтырушы — Эльмира Әлиева) египеттік Года Ханамен бірге аралас разрядта жартылай финалға шығып, жүлдегерлер қатарына қосылды. Осылайша, қазақстандық-египеттік жұп кемінде қола жүлдеге ие болады. Олар 1/8 финалда пуэрто-риколық Энрике Риос  пен бразилиялық Сенага Ширайды жеңіп, ширек финалда франциялықтар Натан Лам мен Гаэтана Блэдадан айласын асырды. ...

    Read More »

    Әлем чемпионаты: Арлей Чонтей төртінші орынды қанағат тұтты

    Ауыр атлет Арли Чонтей Колумбияның Богота қаласындағы әлем чемпионатында төртінші орын алды. Ол 55 келіге дейінгі санатта өнер көрсетті. Қоссайыс қорытындысы бойынша ол 259 (118+141) кг көтерді. Әлем чемпионы Силачей Таиландтан 265 (117+148) келіні басынан асырды.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Cенсация: Испания құрамасы Мароккодан жеңіліп қалды

    Футболдан Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатында Марокко мен Испания арасындағы плей-офф кезеңіндегі матч аяқталып, африкалық құрама өз тарихында алғаш рет ширек финалға шықты.  Бұл кездесудің негізгі уақытында есеп ашылған жоқ. Қосымша таймда да қарсыластар бір-біріне гол сала алмады. Ойынның тағдыры матч соңындағы пенальтиде шешілді. Пенальти сериясында Испания құрамасының үш ойыншысы нысананы дәл көздей алмады. Олардың біреуі қақпа бағанына тигізсе, екі ...

    Read More »

    Ауыр атлетикадан әлем чемпионаты өтеді

    Колумбияның астанасы Богота қаласында ауыр атлетикадан әлем чемпионаты өтеді. Оған Қазақстан құрамасы қатысады. Бұл  додада еліміздің атынан 13 ауыр атлет күш сынасады. Олардың арасында Арли Чонтей (55 кг), Анатолий Савельев (67 кг), Бектай Асылжан, Денис Уланов (89 кг), Еламан Сейітқазы (81 кг), Әлішер Сейітқазы (96 кг), Нұрғиса Әділетұлы (96 кг), Арай Нұрлыбекова (76 кг), Артем Антропов (102 кг), Айша Омарова (81 ...

    Read More »

    Жапон халқынан алар үлгі жетеді

    Осы күндері футболдан Катарда өтіп жатқан төрт жылда бір келетін дүрмекті әлем додасы жер-жүзінің назарын өзіне аударып, күн сайын қызығы қайнай түсіп келеді. Футбол деген бір сиқыр-өзіне тартып баурап алады емес пе?! Бар жұмысты ысырып қойып, әлемдегі теңбіл доптың серкелерінің тартысты ойындарына көз тігіп отырмыз. Иә, Қазақстан құрамасы да осындай бір дүбірлі мундиалға қатысатын күн туар ма жоқ па?-Үмітті үкілеп ...

    Read More »

    Хоккей: Қазақстан жастар құрамасы таныстырылды

    Астанада Қазақстан жастар құрамасының Норвегияда өтетін әлем чемпионаты алдындағы оқу-жаттығу жиынының бірінші кезеңі аяқталды. Отандастарымыз IA дивизионында Франция, Дания, Норвегия, Венгрия және Словения командаларымен элиталық дивизионға кіру үшін күш сынасады. Қазақстан шайбалы хоккей федерациясының хабарлауынша, Норвегияға ұшар алдында жаттықтырушылар құрамы кеңейтілген құрамды таныстырып, 28 хоккейшінің есімдерін атады. Қақпашылар: Антон Осокин, Артем Шестаков, Роман Шефер; Қорғаушылар: Артем Авдеенко, Данил Базко, Глеб ...

    Read More »

    Қазақ күресінен әлем чемпионаты: балуандардың тізімі анықталды

    2-14 желтоқсан аралығында Астанадағы Ж. Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында қазақ күресінен әлем чемпионаты өтеді. Әлем чемпионатына 40 елдің 350 балуаны қатысады. Бұл сында ел намысын Қазақстан ұлттық құрама командасының өкілдері мен «Дала Қыраны» титулының иегерлері қорғайды. Олар – Бекжан Төлепов (55 кг), Марат Нигматуллаев (60 кг), Нұр Аманшүкіров (66 кг), Жұмажан Қожамбеков (74 кг), Айдын Дартаев (82 кг), Тоқтарбек Айдарбек ...

    Read More »