• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: әлем чемпионаты

    Конькимен жүгіру: Қазақстан спринтте жеңіске жетті

    Германияның Инцелль қаласында конькимен жүгіруден өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы бір алтын медальмен толықты, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Варвара Глухова, Анастасия Беловодова мен Кристина Шумековадан құралған әйелдер командасы командалық спринтте 1:28.77 уақыт көрсетіп, әлем чемпионы атанды. Екінші орынды Польша құрамасы иеленсе, үшінші сатыға Канада спортшылары көтерілді. Осылайша, Қазақстан құрамасының жасөспірімдер ...

    Read More »

    Кристина Шумекова тағы да жүлде алып, тарихта қалды

    Германияның Инцелль қаласында конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Кристина Шумекова 3000 метр қашықтықта 4:03.99 нәтижесімен күміс медаль иеленіп, төртінші жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Бұл сында австриялық Джанин Росне (4:02.399) топ жарса, қола Қытай өкілі Тай Чжиэньге (4:04.085) бұйырды. Сондай-ақ ол көпсайыстың кіші бағдарламасы бойынша (жекелеген қашықтықтардың жиынтық ...

    Read More »

    Конькиші Шумекова тағы үздік шықты

    Германияның Инцелль қаласында  жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Кристина Шумекова үшінші алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Бұл жолы ол 1000 метр қашықтықта 1:16.34 уақыт көрсеткішімен қарсыластарынан озып, мәре сызығын бірінші болып кесті. Сондай-ақ Қазақстан құрамасының өзге спортшылары да бақ сынады. Атап айтсақ, Анастасия Беловодова 1:17.99 нәтижесімен жетінші орынға тұрақтаса, Варвара Глухова 32-сатыдан ...

    Read More »

    Конькиші Кристина Шумекова — әлем чемпионы!

    Германияның Инцелль қаласында конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Кристина Шумекова 500 метр қашықтықта 38,48 секунд нәтиже көрсетіп, қарсыластарынан озық шықты, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Бұл көрсеткіш спортшының жаңа жеке рекордына айналды. Күміс жүлдені канадалық Джулия Снелгров (38,78) иеленсе, қола медаль польшалық Виктория Дабровскаға (38,96) бұйырды. Осы қашықтықта Қазақстан намысын қорғаған өзге ...

    Read More »

    Хоккейден ӘЧ: Қазақстан құрамасы тізімді жариялады

    4 қаңтарда 18 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы Өскемен қаласында жиналып, IIA дивизионындағы әлем чемпионаты алдындағы оқу-жаттығу жиындарының алғашқы кезеңін бастайды, деп хабарлады Ұлттық Олимпиялық комитет. Турнир 19-24 қаңтар аралығында Түркияның Ыстамбұл қаласында болады. Дайындыққа Алматы, Қарағанды, Астана және Өскемен қалаларынан келген қыздар қатысады. Құрама сапындағы хоккейшілердің жасы 14 пен 17 жас аралығында. Жаттықтырушылар штабы әлем чемпионатына арналған кеңейтілген құрамды ...

    Read More »

    …Жеребе тасталды — сәуегейлік басталды!

    …Әлем чемпионатының ауыз көпіртер әңгімелері аз емес! 2026 жылы үш мемлекеттің футбол алаңдарында өтетін бұл төрт жылдың басты футбол додасы күтпеген кемшіліктерге сүрініп, Инфантино бастаған ФИФА қарағым жерге қарап жүрмесе болғаны. Ондай талас-тартыстың шеті бүгін-ақ қылтиып тұр… Сонымен, 48 команданы жіліктеп-мүшелеп, 12 топқа бөліп, қораға қамадық. Оларға көктемде келіп қосылатын 8 команданы қоса айтып отырмын. АҚШ-тың 11, Мексиканың 3, Канаданың ...

    Read More »

    … Жеребе тасталды — сәуегейлік басталды!

    …Ұзақ-сонар былшылдан кейін командаларды 12 топқа бөлу басталды. Алғашқы үш команда — чемпионат өткізетін елдер — өз басшыларының «жеңіл» қолының құдіретімен алдын ала дайындап қойған топтарға топ ете қалды. Өзге командалардың қалай жіліктеліп-мүшеленгенін футболға құмар көзі қарақты оқырмандар көрді де, біледі де, телефонына көшіріп алды да, жаттап үлгерді де… Сондықтан ол топтарды бұл жерге топырлатып жазбауға да болар еді,бірақ ол ...

    Read More »

    … Жеребе тасталды — сәуегейлік басталды!

    Кеше түн жарымы ауғанша Американың Вашингтонында болған 2026 жылы АҚШ, Мексика және Канада мемлекеттерінде өтетін кезекті доп додасының, яғни, әлем чемпионатының, жеребе тарту рәсімін тамашаладым. Өзім ғұмырымда бес рет куә болған әлемдік доп додалары (Испания-82, Мексика-86, Италия-90, Франция-98, Бразилия-2014) көз алдымда, бұл жаңа ғасырда да төрт жылда бір айналып соғар футбол тойына тура бір өзім баратындай-ақ аузым аңқайып, тележәшікке кіріп ...

    Read More »

    Футболдан әлем чемпионатының жеребесі тартылды

    Бүгін АҚШ-тың астанасы Вашингтон қаласында футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының жеребесі тартылды. Онда мундиальға қатысатын ұлттық құрама командалар төрт қоржынға бөлінді. Қазір чемпионатта ойнайтын 42 команда белгілі болып отыр. Ал қалған құрамалар келесі жылы көктемде плей-офф ойындарында анықталады. А тобы: Мексика, Оңтүстік Африка, Оңтүстік Корея, еуропалық С жолы плей-оффы (Дания/Солтүстік Македония/Чехия/Ирландия) B тобы: Канада, еуропалық А жолы плей-оффы (Италия/Солтүстік Ирландия/Уэльс/Босния ...

    Read More »

    Таэквондодан U21 ӘЧ: Темірлан Тілеулес — қола жүлдегер!

    Таэквондодан Кенияның астанасы Найробиде өтіп жатқан U21 санатындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына екінші жүлде түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Жарыстың екінші күнінде 63 келідегі Темірлан Тілеулес жартылай финалға дейін жетіп, драмаға толы жекпе-жекте Түркия спортшысына соңғы секундта есе жіберді. Кеше Бейбарыс Қаблан U21 санатындағы әлем чемпионатының тұңғыш алтын жүлдесін иемденген еді. 3-6 желтоқсан ...

    Read More »