• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Әлем чемпионатына іріктеу: Қазақстан Черногорияны ірі есеппен ұтты

    Алматыда футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінің матчы болды. Онда Қазақстан құрамасы Черногория командасымен кездесіп, 7:0 есебімен ұтты.

    Бұл матчта голдарды Дуглас (2-минут), Әбдірасул Әбдіманапұлы (4), Арнольд Кнауб (15), Альберт Ақбалықов (21), Біржан Оразов (25, 25) пен Азат Валиуллин (40) салды.

    Осылайша, Қазақстан құрамасы тоғыз ұпай жинап, негізгі кезеңнің бесінші тобындағы бірінші орнын сақтап қалды. Қазір еліміздің ұлттық құрама командасында үш ойыннан кейін 9 ұпай бар. Екінші орында екі матчтан кейін үш ұпай жинаған Словения тұр. Үшінші орындағы Черногорияда ұпай жоқ.

    Турнир ережесі бойынша командалар өз алаңында және сырт алаңда бір-бірімен бір матч өткізеді. Топтың он екі жеңімпазы мен үздік төрт екінші орын алғаны тікелей Элиталық раундқа шығады. Өз топтарында екінші орын алған тағы сегіз команда плей-офф кезеңіне жолдама алады.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Бір пікір

    1. Спасибо ценная информация. Всегда можно найти casino x зеркало сегодня которое работает без глюков

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *