• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: admin

    «Шавкат аяғымды аямады»: Томпсон Рахмоновпен жекпе-жек туралы айтты

    Жақында АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен UFC 296 турнирінде Шавкат Рахмоновтан (18-0) жеңілген америкалық Стивен Томпсон (17-7-1) жекпе-жектің қалай болғанын айтты. Бұл жекпе-жекте Рахмонов қылқындыру әдісімен қарсыласын уақытынан бұрын жеңген болатын. Томпсонның айтуынша, жекпе-жек өте тартысты болған. Алайда ол айқастың екінші раундта бітетінін ойламаған. Шынымды айтайын, екінші раундта Рахмонов жеңіп кетеді деп ойлаған жоқпын. Не дегенмен ол жеңді. Бәрі жақсы. Уайымдамаңыздар. ...

    Read More »

    Қазақстанның екі жас теннисшісі үздік шетелдік ойыншы атанды

    Еліміздің екі жас теннисшісі 14 жастағы Ева Корышева мен 16 жастағы Даниэль Тазабеков Tennis Europe сериясы бойынша 2023 жылдың үздік шетелдік ойыншысы атанды.  Олар Еуропа теннис қауымдастығынан (Tennis Europe Tour) «Жылдың үздік ойыншысы» (Еуропалық одақ елдерінен емес) сыйлығына ие болды. Е.Корышева биылғы жылды Ыстанбұл турниріндегі жеңісімен бастады. Содан кейін ол Бельгияда бірінші санаттағы жарыста үздік шықты. Ева Tennis Europe рейтингінде ...

    Read More »

    Атақты боксшы Серік Нұрқазов табылмай жатыр

    Атақты боксшы Серік Нұрқазовтың хабар-ошарсыз кеткені туралы мәлімет шықты.  Бұл туралы «Қоғам» жедел әрекет ету жасағының Instagram-дағы парақшасында жарияланды. Серік Нұрқазов 1959 жылы 4 қазанда туған. 2023 жылы 14 желтоқсанда Луганский көшесінде орналасқан үйінен шығып, сол күйін үйіне қайтып келмеген. Ол сұр бас киім киген. Үстінде капюшоны бар көк күрте, ақ жемпір, қара джинсы болған. Серік Нұрқазовтың шашы ақ,  сақалы ...

    Read More »

    Бүгін жылдың үздік спортшылары марапатталады

    Бүгін Астанадағы  Президенттік орталықта 2023 жылдың қортындысы бойынша «Үздік» атты спортшыларды салтанатты жағдайда марапаттау іс-шарасы өтеді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Рәсімде еліміздің абыройын асқақтатып, жеңістің тұғырынан көрінген спортшылар, спорт саласына елеулі үлес қосқан сала мамандары 16 түрлі «Үздік» номинациясы бойынша марапатталады. Құрметті қонақтардың қатарында Парламент Мәжілісінің депутаттары Дәулет Тұрлыханов пен Ардақ Назаров, спорт ардагерлері, белгілі жаттықтырушылар мен Олимпиада ...

    Read More »

    Жасөспірімдер турниріне 20 жастан асқан теннисші қатыспайды

    ATP жасөспірімдер турнир финалының ережелеріне енген кейбір өзгерістерді жариялады. Атап айтқанда, 2024 жылдан бастап жасөсіпірімдер жарысына 20 жастан асқан теннисшілер жіберілмейді. Осы уақытқа дейін 21 жасқа толған теннисшілерге турнирге қатысуға рұқсат берілген еді. Сондай-ақ ТОП-350 рейтингінде тұрған 20 жасқа дейінгі теннисшілерге де ұйым тарапынан қолдау көрсетілуде. Оларға бір жылда 100 және 125 санаттағы 8 «Челленджер» турнирінің негізгі қортындысына шығуға кепілдік беріледі. ...

    Read More »

    Қазақстан күрес федерациясы жылды қорытындылады

    Қазақстан күрес федерациясы жылды қорытындылау конференциясын өткізді. Биылғы 2023 жыл отандық күрес қауымдастығы үшін жарқын оқиғаларға, тарихи әрі сенсациялық көрсеткіштерге толы болды, деп хабарлады ұйымның баспасөз қызметі. Бүгінде күрестің үш түрінен ресми халықаралық жарыстарда ұлттық құрама қоржынында барлығы 117 медаль бар. Оның ішінде спортшылар 26 алтын жүлде, 33 күміс медаль, 58 қола жүлде иеленді. Конференцияға Грек-рим, еркін және әйелдер күресі ...

    Read More »

    Бүгін дзюдошылар ақшалай сыйлық алды

    Бүгін Қазақстан дзюдо федерациясы кезекті спорт маусымды қорытындылап, спортшыларды марапаттады. Жиынға федерация президенті Қуанышбек Есекеев, ұйымның вице-президенттері, ұлттық құрама жаттықтырушылары мен спортшылары, Қазақстан жастар және жасөспірімдер құрама командаларының бапкерлер құрамы мен спортшылар, ғылыми-кешенді топ өкілдері қатысты, деп хабарлады Дзюдо федерациясы. Жазғы Азия ойындарының жүлдегерлері Әбиба Абужақынова – 5000 АҚШ долларын, Мағжан Шамшадин — 3000$, Эсмигүл Куюлова — 3000$, Абылайхан Жұбаназар ...

    Read More »

    Спорттық ату федерациясы Олимпиадаға дайындықты таныстырды

    Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев спорттық ату федерациясының басшыларымен және жаттықтырушылар штабымен кездесті, деп хабарлады ведомство. Жиында оқ ату және стендтік ату өкілдері спортшыларымыздың соңғы ірі халықаралық турнирлердегі жарысын қорытындылап, Париж Олимпиадасына дайындық жоспарын таныстырды. Қытайдағы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы стендтік ату бойынша – 2 алтын және 3 қола, оқ ату бойынша – 1 алтын, 2 күміс және 2 ...

    Read More »

    Дзюдодан Jenys Cup турнирінің жеңімпазы анықталды

    Алматыда дзюдодан халықаралық командалық Jenys Cup турнирі аяқталды. Еліміздің Jenys  клубының атынан татамиге шыққан спортшылар қола жүлдеге ие болды. Қола жүлде үшін күресте Jenys командасы тағы бір еліміздің Lokomotiv Green Hill клубымен кездесті. Бұл сында ел намысын қорғаған Кубанычбек Айбекуулы (-66кг), Асқар Нарқұлов (-73кг), Жансай Смағұлов (-73кг), Тато Григалашвили (-81кг), Ерлан Шеров (-90кг) пен Саба Инанешвили (+90кг) қарсыластарын 3:0 есебімен ...

    Read More »

    Қазақстан құрамасы түгелімен Баходир Жалоловтың үйлену тойына барды (ВИДЕО)

    Ташкент қаласында Өзбекстанның аса ауыр салмақтағы атақты боксшысы Баходир Жалоловтың үйлену тойы болды. Оның шаңырақ көтеру тойына бокстан Қазақстанның ұлттық құрама командасы да барып, той иесін құттықтап қайтты. Тойда ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов бірінші болып сөз сөйлеп, боксшыны үйлену тойымен құттықтады. Баходир Жалолов құрмет тұғырына жайдан-жай келген жоқ. Қазір Өзбекстанда боксқа қатты мән беріліп, ол жан-жақты дамып жатыр. ...

    Read More »