• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Басты тақырып

    Таеквондошы Абабакиров Олимпиада лицензиясын алды

    Таеквондошы Самирхон Абабакиров (58 кг) Қытайдың Тайань қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде Париж Олимпиадасының жолдамасына ие болды. Жартылай финалда ол Филиппин өкілі Курт Бриан Барбосаны айқын басымдықпен жеңді. Ұлттық құраманың спортшысы екі раундта ірі есеппен жеңіске жетті. Есеп – 2:0. Оған дейін Самирхон Абабакиров Нұрхан Самидиновты (Қырғызстан), одан кейін Танакрит Йодракты (Таиланд) жеңген болатын. Бұл — таеквондодан ұлттық құраманың Париж ...

    Read More »

    Шорт-трекші Никиша елімізге алғашқы жүлдені жеңіп алды

    Шорт-тректен Нидерланд Корольдігінің Роттердам қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Денис Никиша спорттың осы түрінен алғашқы жүлдені жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Ұлттық құрамныңа көшбасшысы 500 метрге жарыста мәреге екінші келіп, күміс медальді иеленді.  Алтын жүлдені Лин Сяоджун (Қытай) алса, қола медалге Джордан Пьере-Гиллес (Канада) ие болды. Бұл — Қазақстанның шорт-тректен ересектер арасындағы әлем чемпионатындағы ...

    Read More »

    Жетісу кубогы жолындағы жарыс

    Ертең Талдықорған қаласында бильярдтан Ардагерлер арасында «Жетісу кубогы» жолындағы халықаралық жарыс басталады.  Жарысты ұйымдастырушылар — Жетісу облыстық спорт басқармасы мен таяуда құрылған «ҚР Ардагер бильярдшылар Одағы».  Жарысқа Астананың «Ауыл Ұландары» мен «Тарлан» командалары, Шымкенттің «Тұран», Тараздың «Әулиеата»,Алматының «Корона», Қырғыз Республикасының «Манас» пен  «Алатоо», алаң иелері «Жетісу» және тағы бірнеше команда жиналды.  Б Бас жүлде — Жетісу кубогы!   Өз тілшімізден

    Read More »

    17 жастағы таеквондошы Олимпиада жолдамасын олжалады

    Таеквондошы Батырхан Төлеуғали Қытайдың Тайань қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды. Ұлттық құрамадағы ең жас таеквондошы жартылай финалда Сауд Арабиясының спортшысы Әли Мабрук әл-Мабрукты жеңді. Жекпе-жекте есеп 2:0 болып тіркелді. Оған дейін Батырхан Төлеуғали алғашқы жекпе-жегінде Акшай Худаны (Үндістан) айқын басымдықпен жеңген болатын. Бұл лицензия — таеквондодан ұлттық құраманың алғашқы жолдамасы. Олимпиада жолдамасын алған Батырхан Төлеуғали ...

    Read More »

    Шаңғымен тұғырдан секіру: Данил Васильев алғаш рет FIS Кубогын жеңіп алды  

    Польшаның Закопане қаласында шаңғымен тұғырдан секіруден FIS кубогы үшін турнир болып жатыр. Үлкен трамплиннен секіруде (Large Hill HS 140) отандасымыз Данил Васильев алтын медаль жеңіп алды. Бұл – FIS кубогының ересектер арасындадағы отандық шаңғымен тұғырдан секіру тарихындағы алғашқы жеңіс. Сонымен қатар осы жарыста бақ сынаған Канвон-2024 қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы Илья Мизерн 15-орынға ие болды. Жарыс бүгін аяқталады. Оған 13 ...

    Read More »

    Танымал таеквондошыға Олимпиада жолдамасын алуға бір қадам қалды

    Таеквондодан Қытайдың Тайань қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде Батырхан Төлеуғали алғашқы жекпе-жегінде Акшай Худаны (Үндістан) айқын басымдықпен жеңді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Айқас 2 раундқа созылып, 17 жастағы қазақ спортшысының сенімді жеңісімен аяқталды. Енді ұлттық құрама спортшысы біраздан соң жартылай финалда Сауд Арабиясының таеквондошысы Әли Мабрук әл-Мабрукпен Париж Олимпиадасының лицензиясын сарапқа салады.

    Read More »

    Футболдан Қазақстан құрамасы Түркіменстан командасын жеңді

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Біріккен Араб Әмірлігінде оқу-жаттығу жиынының аясында Түркіменстан командасымен жолдастық кездесу өткізіп, 2:0 есебімен жеңді. Матч телеарнадан көрсетілген жоқ. Сондықтан матч туралы мәліметті Қазақстан футбол федерациясы өзі әлеуметтік желіде жариялады. ҚФФ-ның хабарлауынша, кездесуде ел құрамасынан Ислам Чесноков Максим Самородовтың берген пасын пайдаланып, 2-минутта, одан кейін Александр Зуев 47-минутта гол салды. Зуев Еркін Тапаловтың пасын алып, алыстан тоғыздықты ...

    Read More »

    Нысана көздеуден Қазақстан рекорды жаңарды

    Шымкент қаласында нысана көздеуден жасөспірімдер арасында (2003 және одан кейінгі жылдары туғандар арасы) өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында жаңа рекорд тіркелді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Ұлттық құрама спортшысы Елизавета Безрукова 10 метрден пневматикалық винтовкамен нысана көздеуден Қазақстан рекордын жаңартты. Ол іріктеу кезеңінде 632.7 ұпай жинады. Екінші сатыға ұлттық құраманың тағы бір өкілі Александра Ле (630.2 балл) ...

    Read More »

    Астанада Ботай жылқысына ескерткіш қою және ашық аспан астындағы музей ашу ұсынылды

    Астанада 13 наурызда республикалық JORYQ ат спорты федерациясы мен Астана қаласы Ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлері федерациясы арасында меморандумға қол қойылды, деп хабарлады қала әкімдігі. Құжатқа республикалық JORYQ ат спорты федерациясының президенті Бақытжан Тұрлыбеков пен Астана қаласы Ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлері федерациясының президенті Ерлан Каналимов қол қойды. Меморандум 14 тармақтан тұрады. Ол екі федерация арасындағы әріптестікті, ынтымақтастықты ...

    Read More »

    Олимпиада жолдамасына төрт таеквондошы таласады

    15-16 наурыз аралығында Қытайдың Тайань қаласында таеквондодан Париж Олимпиадасына жолдама тарататын Азия аймақтық іріктеу турнирі болады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Құрлық додасында 33 елден келген 96 спортшы қатысады. Турнирге Қазақстаннан жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері (2022), Спартакиада жеңімпазы, 17 жастағы Батырхан Төлеуғали (80 кг), Самирхон Абабакиров (58 кг) қатысады. Самирхон 20 жаста. Ол — ...

    Read More »