• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Бокс

    Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады

    Бокстан WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы допинг-сынамасына қатысты өз ой-пікірін білдірді. -Өздеріңіз білесіздер, мен әрқашан таза спортты қолдап келемін. Бұл жаңалыққа таңғалып отырмын. WADA алғашқы тестті алып, бәрі таза екенін айтты. Мен ешқандай қоспаларымды өзгерткен жоқпын. Екінші тестте не болғанын түсінбеймін, сондықтан қайта тексеруді талап еттім, — деді ол. Бұған дейін BoxingScene басылымы ерікті ...

    Read More »

    Мемлекет басшысы Геннадий Головкинді І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

    Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді World Boxing халықаралық федерациясының президенті болып сайлануымен құттықтады. Бұл шешімді даңқты спортшының әлемдік боксты дамытуға қосқан үлесінің, кәсібилігі мен мінсіз абырой-беделінің мойындалғаны деп бағалады. Бұл туралы Ақорда хабарлады. – Сіз әлемдік спорттың дамуына зор үлес қостыңыз. Қазақ бокс мектебінің бай дәстүрін лайықты деңгейде танытып, дүние жүзінің елімізді бокс державасы ретінде мойындауына ықпал еттіңіз. Өмір жолыңыз көптеген ...

    Read More »

    «Бокс — тек шаршы алаңда емес, одан тыс жерде де күресетін спорт түрі»: Головкин БАҚ өкілінің сұрақтарына жауап берді

    Геннадий Головкин Италияның Рим қаласында өткен Конгресте World Boxing федерациясының президенті болып сайланды. Осылайша Қазақстан тарихында халықаралық спорт федерациясын басқарып отырған алғашқы Қазақстан азаматы атанды, деп хабарлады Ұлттық Олимпиялық комитет. Tengrinews.kz сайтына сұхбатында World Boxing басшысы жаңа қызметін Қазақстан Ұлттық Олимпиялық комитетіндегі жұмыспен үйлестіру жайлы, сондай-ақ әуесқой боксқа оралуының себептері мен жаңа лауазымдағы негізгі бағыттары туралы айтып берді. – Геннадий ...

    Read More »

    Геннадий Головкин World Boxing президенті болып сайланды

    Геннадий Головкин Италияның Рим қаласында өткен конгресте Халықаралық World Boxing федерациясының президенті болып сайланды. Бұл туралы Ұлттық Олимпиялық комитет хабарлады. Ол халықаралық спорт федерациясын басқарып отырған алғашқы Қазақстан азаматы ретінде тарихқа енді. Өкілеттік мерзімі — үш жыл. -Мен боксқа қатысты жолдың барлық кезеңінен өттім. Спортшы болып, Олимпиялық ойындарда ел намысын қорғадым. Кейін әлем чемпионы атандым. Енді міне, спорт саласында көшбасшы ...

    Read More »

    Қанат Ислам шаршы алаңға қайтып шығады

    Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері, Қытайдың екі дүркін чемпионы Қанат Ислам (29-1-0,22КО) ұзақ уақыттан кейін шаршы алаңға қайтып шығатынын айтты. Ол Ali Akhmedov Promotions промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен болатын кәсіпқой бокс кешінде жекпе-жекке шығады. Әзірше оның қарсыласы кім екені белгісіз. Еске сала кетсек, бұған дейін Қанат Ислам 29 жекпе-жекке шығып, 28 рет  жеңіп, біреуінде ғана жеңілген. Қанат Ислам соңғы рет 2022 жылы ...

    Read More »

    Боксшылар шаршы алаңның шаңын қақты

    Семейде бокстан Қазақстан чемпионатының финалдық жекпе-жектері аяқталды, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясы. Чемпионаттың қорытындысы бойынша 2026 жылға арналған ұлттық құрама жасақталады. Ерлер арасындағы финалдық жекпе-жектің қорытындысы: 50 келі: Бекзат Алдамжаров (Ақтөбе облысы) — Даниял Сабит (Батыс Қазақстан облысы) — 0:5. 55 келі: Нұрсұлтан Алтынбек (Қызылорда облысы) — Сәкен Бибосынов (Түркістан облысы) —0:5. 60 келі: Бибарыс Жексен (Жамбыл облысы) — Серік Теміржанов ...

    Read More »

    Түркістан облысының әкімі де спортшыларға автокөлік табыс етті

    Түркістан облысының спортшылары биылғы жылдың 9 айында Қазақстан чемпионаттарында – 1060 медаль, Азия чемпионаттарында – 109 жүлде, әлем чемпионаттарында 79 медаль жеңіп алды. Бүгін солардың бірқатарын Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров арнайы марапаттап, құрмет көрсетті. Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінде өткен кездесуде жуырда еркін күрестен және армрестлингтен әлем чемпионатында ел сенімін ақтаған спортшылар марапатталды. – Сіздерді еркін күрес пен армрестлингтен ...

    Read More »

    Қала әкімі бокстан әлем чемпионына 40 млн теңге берді

    Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды бокстан және күрес түрлерінен әлем чемпионаттарына қатысып, құрмет тұғырының биік сатысынан көрінген спортшыларды марапаттады. Ол әуелі ұлттық құраманың өкілдерін құттықтап, алғыс хат пен қаржылай сертификаттар табыс етті. Содан кейін Алматының әкімі бокстан әлем чемпионы Алуа Балқыбековаға  40 млн теңге, күміс жүлдегер Назым Қызайбайға 30 млн теңге, қола медалистер Елдана Талипова мен Виктория Графееваның әрқайсына  20 ...

    Read More »

    Мемлекет басшысы бокстан ұлттық құрама команданы марапаттады

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелерін әлем чемпионатындағы тамаша жеңісімен құттықтап, бұл еліміз үшін тарихи оқиға, халқымыз үшін үлкен қуаныш екенін атап өтті, деп хабарлады Ақорда. – Қазақстан 68 мемлекеттің арасынан үздік шығып, бірінші орынға ие болды. Әлемдік бәсекеде Әнұранымыз жеті рет шырқалды, Көк туымыз жеті рет желбіреді. Барша жұртымыз сіздерге тілеулес болды. Әрине, кілең мықтылар жиналған жаһандық аламанда ...

    Read More »

    Тұңғыш рет қазақ боксшысы аса ауыр салмақта әлем чемпионы атанды

    Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының капитаны Айбек Оралбай Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өткен әлем чемпионатында тұңғыш рет қазақ былғары қолғап шеберлерінің арасында алтын медальді жеңіп алды. Былғары қолғап шебері 90 келіден аса салмақта Өзбекстанның өкілі Жахонгир Зокировпен қолғап түйістірді. Бірінші және екінші раундта өзбек боксшысы басым түсті. Дегенмен Айбек Оралбай соңғы үшінші раундта қайсарлық танытып, жеңісті суырып алды. Осылайша, Қазақстан құрамасы әлем ...

    Read More »