• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Теннис

    Қазақстан теннисшісі бесінші финалда ғана турнир жеңімпазы атанды

    Қазақтан теннисшісі Александр Недовесов алғаш рет ATP 250 турнирінің жеңімпазы атанды. Ол бұған дейін осы доданың финалына төрт рет шығып, соның бәрінде жеңілген болатын. Енді міне, Недовесов Швецияның Бастад қаласында жалауы желбіреген жарыстың финалына қатысып, эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге финалда португалиялық Франсишку Кабраль – бразилиялық Рафаэль Матосты ұтты. Недовесов пен Эскобар екі сетте де 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, ...

    Read More »

    Астанада теннистен Президент кубогы үшін халықаралық турнир басталды

    Астанадағы Belline Arena ұлттық теннис орталығында теннистен дәстүрлі Президент кубогы халықаралық турнирі басталды. Бұл турнирде әуелі ATP Challenger Tour сериясы бойынша ерлер сынға түседі. Одан кейін негізгі турнирде Қазақстан теннисшілерінен бірінші ракетка болып тіркелген Михаил Кукушкин кортқа шығады. Ол ресейлік Евгений Тюрневпен өткізеді. Дмитрий Попко түркиялық Ақсу Чингизбен, Денис Евсеев жаңазеландиялық Рай Аджитпен, Тимур Мәуленов Польша өкілі Филипп Пиливомен, Ислам ...

    Read More »

    Елена Рыбакина эйстен әлемде көш бастап келеді

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 3-ракеткасы Елена Рыбакина эйс жасау жөнінен әлемде көш бастап келеді. Қазақстан теннис федерациясының хабарлауынша, биылғы маусымда Рыбакина 44 матчта 349 эйс жасаған. Одан кейін тізімде франциялық Каролин Гарсия тұр. Оның 42 матчта 305 эйс жасауға шамасы жеткен.  Үшінші орында белорус теннисшісі Арина Соболенко келеді. Ол 48 матчта 275 эйс жасап, көзге түскен.  Сонымен бірге ресейлік Вероника Кудерметова ...

    Read More »

    Астанада теннистен Президент кубогы үшін халықаралық турнирлер өтеді

    23 шілде мен 6 тамыз аралығында Астанада Президент кубогы Forte Series аясында Beeline arena Ұлттық теннис орталығында ATP Challenger Tour және ITF World Tennis Tour турнирлері өтеді, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Биыл Президент кубогы үшін жарыста ел намысын ерлер арасында Михаил Кукушкин, Дмитрий Попко, Денис Евсеев, Григорий Ломакин, Максим Батютенколар қорғайды. Әйелдер арасында Гөзал Айнитдинова, Жібек Құламбаева, Аружан Сағындықова, Сандуғаш ...

    Read More »

    Жібек Құламбаева тұңғыш рет Рим турнирінің жеңімпазы атанды

    Қазақстан теннисшісі Жібек Құламбаева жұптық сында Италияның Рим қаласында өткен ITF W60 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Құламбаева Белурусь өкілі  Юлия Готовкомен бірге финалда жарыстың бірінші ракеткалары, колумбиялық Юлиана Лизаразо мен Мария Паулинамен кездесіп, екі сетте 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Тағы бір қазақстандық спортшы 15 жастағы Ақтөбе теннис мектебінің түлегі Зара Дәркен Италияның Палермо қаласында өткен ...

    Read More »

    Даниал Рахматуллаев әлемдегі үздік 200 жас теннисшінің қатарына қосылды

    Халықаралық теннис федерациясы (ITF) 18 жас және одан кішілер арасында жаңартылған әлемдік рейтингті жария етті. Бұл туралы Теннис федерациясы хабарлады. Теннисші Даниал Рахматуллаев Ирандағы екі бірдей жарыста жеңімпаз атанып, 284-тен бірден 189-орынға көтерілді. Сөйтіп, ол әлемдегі үздік 200 жасөспірім теннисшінің қатарына кірді. Ерасыл Ерділдә ТОП-100-ге жақындап қалды. Қазір ол 150-сатыда тұр. Сондай-ақ Максим Батютенко – 176, Виталий Зацепин – 235, ...

    Read More »

    «Допты дәл бере алмадым»:  Рыбакина Уимблдондағы жеңілісі туралы

    Теннисші Елена Рыбакина өзінің Уимблдон турниріндегі кешегі жеңілісі туралы айтып берді. Оның айтуынша, тунистік Онс Жабермен ширек финалдағы матчтың қиын болған. Ойын қиын болды. Оны жасыра алмаймын.  Матчта жанкүйерлер қарсыласымды көп қолдады. Ол маған әсер еткен жоқ. Мен оған назар аудармадым. Өткен жылғы финалмен салыстырғанда, қарсыласым жақсы ойнады. Өзімде де, әсіресе, екінші сетте көптеген мүмкіндіктер болды. Алайда доп берудегі дәлдігім ...

    Read More »

    Уимблдон турнирі: Қазақстан теннисшілері қомақты табыс тапты

    Қазақстан теннисшілерінің Уимблдон турнирінде қанша табыс тапқаны белгілі болды. Теннис федерациясының хабарлауынша, жекелей сында ширек финалға дейін жеткен Елена Рыбакина 340 мың фунт стерлинг (194 075 525 теңге) тапты. Жекелей сында төртінші айналымнан аса алмаған Александр Бублик 207 мың фунт стерлинг (118 157 746 теңге) алды. Юлия Путинцева жекелей (55 мың фунт стерлинг немесе 31 394 570 теңге) және жұптық ...

    Read More »

    Уимблдон турнирі: Рыбакина жартылай финалға шыға алмады

    Рыбакина Уимблдон турнирінің жартылай финалына шыға алмады. Теннисші ширек финалда әлемнің 6-ракеткасы, тунистік Онс Жабермен кездесіп, алғашқы партияда 7:6 есебімен ұтса, да кейінгі екі сетте 4:6, 1:6 есебімен жеңіліп қалды. Екі сағатқа жуық уақытқа созылған матчта Рыбакина 7 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Енді Онс Жабер финалға шығу үшін әлемнің 2-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен кездеседі. Ол дүниежүзілік рейтингте ...

    Read More »

    Уимблдон турнирі: Рыбакина ширек финалға шықты

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 3-ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Рыбакина төртінші айналымда әлемнің 13-ракеткасы, бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен ойнады. Бұл жолы бірінші партияда Рыбакина 3:1 есебімен брейкпен алға шықты. Содан кейін өз геймін алды. Есеп – 4:1. Осы сәтте медициналық көмекке жүгінген бразилиялық теннисші матчты жалғастырудан бас тартты. Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін ...

    Read More »