Теннисші Заңғар Нұрланұлы Кореяның Чхунчхон қаласында өткен ITF Juniors J200 санатындағы турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Жарыста ол бірінші нөмірлі спортшы ретінде тіркелді. Финалда Заңғар Нұрланұлы кореялық Мин Хук Чоны 6:3, 6:4 есебімен жеңді. Турнир отандасымыз қарсыластарына бірде-бір сет берген жоқ. Бұл жеңіс Заңғар Нұрланұлының ITF Juniors аясындағы жекелей сындағы алтыншы титулы болды. Бұған дейін ол J100 ...
Read More »Теннис
Қазақстан теннисшілері Азия құрлығында құрмет тұғырынан көрінді
Александр Бублик ATP турнирлеріндегі сегізінші титулын жеңіп алды. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы хабарлады. Қазақстанның бірінші, әлемнің 19-ракеткасы Александр Бублик Қытайдың Чанчжоу қаласында жалауы көтерілген АТР 250 турнирінде жеңімпаз атанды. Ол жарыстың 3-ракеткасы болып тіркеліп, финалда дүниежүзілік рейтингіде 88-орында тұрған франциялық Валентен Руаемен ойнады. Бірінші партияда Бублик тай-брейкте қарсыласын 7:6 (7:4), екінші сетте де 7:6 (7:4) есебімен жеңді. Александр Бублик ...
Read More »Теннистен ӘЧ: Рыбакина жарақатына қарамай Қазақстан құрамасына қосылды
Қытайдың Шэньчжэнь қаласында Қазақстанның ұлттық құрама командасы командалық әлем чемпионаты — Билли Джин Кинг кубогы алдында соңғы жаттығуларын өткізіп жатыр. 18 қыркүйекте әйелдердің ұлттық құрамасы ширек финалда АҚШ командасымен ойнайды. Бұл ойын екі команда арасындағы алғашқы ресми ойын болады. Бүгін Шэньчжэнь қаласында Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңінде Қазақстан – АҚШ матчының жеребесі тартылды. Ойыннды бірінші болып әлемдік рейтингіде 61-орындағы Юлия ...
Read More »Жібек Құламбаева алғаш рет WTA турнирінде жеңімпаз атанды
Теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Қытайдың Хучжоу қаласында өткен WTA 125 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Жарыстың 2-ракеткалары Жібек Құламбаева мен словениялық Вероника Эрьявец жапониялықтар Момоко Кобори мен Аяно Шимицумен бас жүлдені сарапқа салды. Бірінші партияда 6:4 есебі тіркелді. Қазақстандық-словениялық жұп екінші сетте де қарқынын төмендеткен жоқ. Есеп — 6:2. Осылайша, Құламбаева жұптық сында WTA жарысында алғаш ...
Read More »Аружан Сағындықова ITF W15 турнирінде жеңіске жетті
Теннисші, әлемнің 958-ракеткасы, 20 жастағы Аружан Сағындықова Қытайдың Луань қаласында өткен ITF W15 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол финалда әлемнің 797, осы жарыстың 5-ракеткасы, 19 жастағы ресейлік спортшы Мария Калякинамен бас жүлдені сарапқа салды. Бірінші партияда Аружан 6:4 есебімен басымдық танытты. Екінші сетте де Сағындықова дүниежүзілік рейтингіде өзінен әлдеқайда жоғары тұрған қарсыласының мысын басты. Есеп – ...
Read More »US Open: Заңғар Нұрланұлы Қазақстан теннисшілері арасынан алғаш рет жартылай финалға шықты
17 жастағы теннисші Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасында АҚШ ашық чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол ширек финалда жарыстың 13-ракеткасы болып тіркелген ресейлік, 18 жастағы Тимофей Дерепаскомен ойнады. Дерепаско — жасөспірімдер ғана емес, ересектер арасында да ойнап үлгерген теннисші. Ол ATP рейтингісінде 925-орында тұр. Ал Заңғар Нұрланұлы ITF Juniors рейтингінде 54-орында келеді. Қазақ теннисшісі бірінші партияда 6:2, ...
Read More »US Open: Заңғар Нұрланұлы сенсация жасады
17 жастағы теннисші Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасында АҚШ ашық чемпионатында екінші жеңісіне жетті, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол екінші айналымда әлемнің жасөспірімдер арасында 13-ракеткасы, Польша өкілі, 18 жастағы Алан Важнымен ойнады. Алан Важны ересектер арасында ATP рейтингінде 1750-сатыда тұр. Ал Заңғар Нұрланұлы ITF Juniors рейтингісінде 54-орынға орналасқан. Соған қарамастан, отандасымыз азулы қарсыласын 6:4, 6:4 есебімен жеңді. Бұл матч бір жаром ...
Read More »Қазақстан теннис федерациясы Sport+медиа тобымен ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды
Қазақстан теннис федерациясы мен Sport+ медиа тобы ақпараттық әріптестік жөніндегі меморандум жасасты. Құжатқа ҚТФ вице-президенті Диас Досқараев пен медиа топтың бас директоры Олжас Абраев қол қойды. Медиа тобының қызметкерлері теннис әлеміндегі жаңалықтар ғана емес, Қазақстан құрамасы ойыншылары мен болашағынан үміт күттіретін жастардың табыстары туралы әңгімелеп, федерацияның теннистік және әлеуметтік бастамаларын тұрақты түрде жариялап отырады. «Мен Sport+ телеканалы ұжымы мен Олжас ...
Read More »US Open: Анна Данилина 1/8 финалға шықты
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина АҚШ ашық чемпионатының үшінші айналымына шықты. Ол «Үлкен дулыға» турнирінің 9-ракеткасы болып тіркеліп, Сербия спортшысы Александра Крунич екеуі екінші айналымда Румыния теннисшісі Моника Никулеску мен Латвияның өкілі Анастасия Севастовамен ойнады. Бірінші партияда Данилина мен Крунич қарсыластарын 6:2 есебімен жеңді. Екінші сетте де 5:1 есебімен басым түсті. Содан кейін Румыни мен Латвияның спортшылары брейк ...
Read More »Сайыпқыран: Қытайда желден жүйрік қандастарымыз бар
Бүгін Қытайдың Үрімжі қаласында өткен жартылай марафонда үш бірдей қандасымыз топ жарды, деп хабарлады Синьхуа агенттігі. Марафонда Санжы институтының студенті, бірінші разрядты спортшы Ерен Елеусіз мәре сызығын 1 сағат 6 минут 54 секундта кесіп өтіп, жеңіс тұғырына көтерілді. Оның ізінше Қазез Бектұрсын мен Тұрәбіл Төлеухан да көмбеге жетіп, күміс және қола медалдарды иеленді. Бүгінгі дүбірлі додада толық марафон, жартылай марафон және ...
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары