• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Теннис

    Майамидегі тартысты теннис: Olimpbet-тің ширек финалға арналған болжамы қандай?

    Беделі тым биік «мыңдықта» ширек финалдық матчтарды әйелдер мен ерлер арасындағы жеребенің фавориттері ойнайды. Екатерина Александрова (Ресей) – Джессика Пегула (АҚШ). 28 наурыз, 04:00 (Астана уақыты бойынша) Майамиде әйелдер арасындағы ширек финал аясында қызықты кездесу өтеді. Әлемнің бесінші ракеткасы, корт иесі Джессика Пегула әлемдік рейтингте 16-орында келе жатқан ресейлік Екатерина Александроваға қарсы кордқа шығады. Бұл қарсыластар бұған дейін Римде өткен ...

    Read More »

    Рыбакина мен Путинцева Miami Open турнирінің жартылай финалы үшін ойнайды

    Хард төсенішінде өтетін WTA 1000 турнирінде қос бірдей қазақстандық теннисші өнер көрсетеді. Толық ақпарат — Olimpbet сараптамасында. Мария Саккари (Грекия) – Елена Рыбакина (Қазақстан). 27 наурыз, 04:00 (Астана уақыты бойынша). 24 жастағы Елена Рыбакина америкалық турнирдің басты фавориті және рейтингі жоғары ойыншысы атанды. Өйткені, планетаның ең мықты теннисшісі Ига Свиатек күтпеген жерден әлемнің 16-шы ракеткасы ресейлік Екатерина Александровадан (4:6, 2:6) ...

    Read More »

    Рыбакина мен Путинцева ширек финалға шықты

    Қазақстан теннисшілері Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева АҚШ-тың Майами штатында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлады Қазақстан  теннис федерациясы. Рыбакина төртінші айналымда әлемнің 18-ракеткасы, 2017 жылғы АҚШ чемпионатының финалисі, америкалық Мэдисон Кизбен ойнады. Киз Рыбакина үшін қолайсыз қарсылас деуге болады. Олар осыған дейін үш рет кездессе, соның екеуінде америкалық спортшы жеңіске жеткен еді. Бұл жолы бірінші ...

    Read More »

    Соня Жиенбаева ITF Juniors J300 турнирінің жеңімпазы атанды

    17 жастағы теннисші Соня Жиенбаева Испанияның Вильена қаласында жасөспірімдер арасында өткен ITF Juniors J300 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Жасөспірімдер арасында әлемдік рейтингіде 47-орында тұрған С.Жиенбаева финалда жарыстың бірінші ракеткасы, бельгиялық Жульен Вандромені (33 ITF Juniors) 7:5, 6:0 есебімен жеңді. Бұл Соня Жиенбаеваның жекелей сында ITF Juniors турнирлеріндегі жетінші титулы болды. Матч қиын болды. Жеңіске жеткеніме өте ...

    Read More »

    Рыбакина қайта кортқа шықты

    Еліміздің бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жарақатын емдеп алған соң, қайта кортқа шықты. Қазір ол АҚШ-тың Майами штатында ерлер және әйелдер арасында өтіп жатқан WTA 1000 турниріне қатысып жатыр. Бүгін ертемен Атлант мұхитының ар жағынан келген хабарға қарағанда, ол турнирдің  төртінші айналымына шықты. Бұл жарыста ол төртінші ракетка болып тіркеліп, америкалық Тейлор Таунсендпен ойнады. Бұл спортшылардың алғашқы кездесуі еді. ...

    Read More »

    Рыбакина ұлттық құраманың қатарына алынбады

    Теннистен еліміздің ұлттық құрама командасының жаттықтырушылар штабы Билли Джин Кинг кубогы матчына қатысатын құраманы жарияланды, деп хабарлады https://t.me/RRaketkasi. Қазақстан әйелдер құрамасы 12-13 сәуірде Токио қаласында өтетін  Билли Джин Кинг кубогының іріктеу сатысында Жапония командасымен ойнайды. Құрамаға Юлия Путинцева, Зарина Диас, Анна Данилина, Жібек Құламбаева мен Аружан Сағындықова шақырылды. Зарина Диас көптен бері теннис додаларына қатыспады. Жапониямен матч Ariake Coliseum аренасының ...

    Read More »

    Рыбакина тағы да денсаулығының сыр бергенін айтты

    Еліміздің бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина тағы да денсаулығының сыр беріп жатқанын айтты. Бас кезінде теннисшіде дене қызуы болып, температурасы көтерілген көрінеді. Ал қазір теннисші аздап жөтеліңкіреп сөйлейді. Оның емделіп жатқанына да бірнеше күн болыпты. Сол үшін Рыбакина АҚШ-тың Индиан-Уэллс WTA 1000 турниріне қатысудан неге бас тартқанын айтты. Биыл денсаулығым болмай жүр. Қайта-қайта емделемін. Енді мне, Индиан-Уэллс турниріне де ...

    Read More »

    Теннистен әйелдер құрамасының капитаны ауысты

    Қазақстан теннис федерациясы басшылығының шешімімен әйелдер құрамасына Юрий Щукин жетекшілік ететін болды, деп хабарлады Rraketkasi. Бұған дейін Қазақстан әйелдер құрамасына Ярослава Шведова басшылық етіп келген болатын. Шведова 2020 жылдың ақпанынан 2021 жылдың сәуіріне дейін әрі капитан, әрі ойыншы ретінде қызмет атқарды. Кейін капитандыққа біржола ауысты. Кейінгі жылдары әйелдер құрамасында Юрий Щукин көмекші жаттықтырушы ретінде жұмыс істеді. Ол сондай-ақ 2020 жылдың ...

    Read More »

    Рыбакина WTA 1000 турниріне қатысады

    6-17 наурызда АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтетін турнирдің жеребесі тартылды. Индиан-Уэллс WTA 1000 жарысын Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина екінші айналымнан бастап, рейтингіде 73-орындағы испаниялық Паула Бадосамен немесе америкалық Эшлин Крюгермен (№ 71) кездеседі. Бұл екі теннисші де турнирге арнайы шақырту алған. Тағы бір теннисшіміз Юлия Путинцева алғашқы айналымда әлемнің 76-ракеткасы, германиялық Тамара Корпачпен ойнайды. Қазір Путинцева ГФР спортшысынан үш ...

    Read More »

    Теннисші Дмитрий Попко АҚШ ITF турнирінің жеңімпазы атанды

    Теннисші Дмитрий Попко АҚШ-тың Наплес қаласында өткен ITF турнирінің жеңімпазы атанды. Ол финалда дүниежүзілік рейтингіде 649-орында тұрған эквадорлық Андрес Андрадемен күш сынасып, оны 3:6, 7:6 (7:4), 6:4 есебімен жеңді. Бұл екеуі жақында Палм-Коуст қаласындағы дәл осындай жарыстың финалында ойнаған еді. Сол кезде Попко қарсыласын 7:5, 1:6, 7:5 есебімен жеңген болатын. Енді эквадорлық теннисші Попкодан тағы да жеңілуге мәжбүр болды. Бұл ...

    Read More »