• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Қазақстан

    IV Қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы басталды (ВИДЕО)

    Оңтүстік Кореяның Канвондо провинциясында IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы ресми түрде басталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Олимпиаданың ашылу салтанаты 8 мың адам сиятын Купол Ёнпон спорт кешенінде болды. Бұған дейін Купол Ёнпон сарайы 1999 жылы IV қысқы Азия ойындарының ашылу және жабылу рәсімдерін өткізген еді. Спортшыларды Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль мен ХОК басшысы Томас Бах құттықтады. Іс-шарада ...

    Read More »

    IV Қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының ашылу салтанаты басталды (ВИДЕО)

    Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында IV Қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының ашылу салтанаты басталды.  Оның ашылу рәсімі Каннын қаласындағы Gangneuung Oval спорт кешенінде болып жатыр. Бұл жерде конькимен жүгіру спортынан жарыстар ұйымдастырылады. Қазір спорт кешенінде әлемнің түкпір-түкпірінен келген елдердің спортшылары өз мемлекеттерінің туын көтеріп, құрамаларын таныстыруға дайындалып отыр. Трансляция Olimpics.com веб-сайтынан беріліп жатыр. Корея Республикасында ұйымдастырылатын IV Қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы 19 қаңтар мен ...

    Read More »

    Хоккейден ӘЧ: Қазақстанның қыздар құрамасы алғашқы жеңісіне жетті

    Нидерланд Корольдігінің Херенвен қаласында хоккейден 18 жасқа дейінгі қыздар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының ІІ дивизионында Қазақстан құрама командасы алғашқы жеңісіне жетті. Қазақстан құрамасы А тобында Түркия командасының қақпасына жауапсыз 6 шайба салып, алғашқы ұпайын алды. Осының арқасында еліміздің хоккейшілері топтан шығу мүмкіндігіне ие болды. Бірінші турда Қазақстан Ұлыбритания құрамасымен кездесіп, 0:4 есебімен жеңілген болатын. Жалпы ІІ дивизионда Қазақстан, Қытай, ...

    Read More »

    Канвон-2024: Олимпиадаға қатысатын Қазақстан хоккейшілері анықталды

    Қазақстанның жасөспірімдер құрама командасы 19 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Оңтүстік Кореяның Канвон провинциясының Каннын қаласында жалауы желбірейтін қысқы Олимпиялық ойындарға қатысатын хоккейшілердің тізімін жариялады. Хоккейшілер 15 қаңтарда спорттың басқа да түрлерінен жарысқа қатысатын отандастарымызбен бірге Астанада Оңтүстік Кореяға аттанып, Каннын қаласына жетті. Осы жерде құрама команда 20 қаңтарда Польшаға қарсы алғашқы ойынын өткізеді. Бұл ойынға команда 16 жасқа дейінгі ...

    Read More »

    Спортшылар Олимпиадаға Астанадан аттанады

    15 қаңтарда Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында IV қысқы жастар Олимпиадасына қатысатын спортшыларды салтанатты шығарып салу рәсімі өтеді. Салтанатты рәсімде шорт-трекші Ерасыл Шыңғысхан мен конькимен жүгіру спортының өкілі Кристина Шумековаға еліміздің мемлекеттік туы тапсырылып, спортшылар ант береді. Олар еліміздің көк байрағын Олимпиаданың ашылу салтанатында «Мемлекеттер шеруі» кезінде ұстап шығады. Спортшылар жарыстардағы үздік нәтижелері үшін ғана емес, халықаралық аренадағы жеңіске ...

    Read More »

    Анна Данилина WTA 250 турнирінің жеңімпазы атанды

    Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина Жаңа Зеландияның Окленд қаласында өткен WTA 250 турнирінің жеңімпазы атанды. Данилина жарыстың екінші ракеткасы болып тіркеліп,  словакиялық Виктория Хрунчаковамен бірге финалда чехиялық Мария Боузкова мен америкалық Бетани Маттек-Сандсді жеңді. Бірінші партияда Данилина мен Хрунчакованың дуэті қарсыластарынан 6:3 есебімен басым түсті. Екінші сетте тай-брейкте Чехия мен АҚШ-тың жұбы 7:6 (7:5) есебімен есе қайтарды. Одан ...

    Read More »

    Канвондо Олимпиадасына қатысатын Қазақстан спортшылары анықталды

    19 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Оңтүстік Кореяның Канвондо провинциясындағы Каннын қаласында IV қысқы жастар Олимпиадасы болады. Онда 1 900-ға жуық атлет спорттың 7 түрінен 15 бағдарламада күш сынасады деп жоспарланған. Бүгін кешенді жарыста ел намысын қорғайтын ұлттық құраманың спортшылары анықталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Бұл жарысқа Қазақстан 10 бағдарламада 42 спортшыны апарады. Ал делегация ...

    Read More »

    Соня Жиенбаева Қазақстан азаматтығын алды

    Германияның бұрынғы теннисшісі Соня Жиенбаева Қазақстан азаматтағын алды деген дерек шықты. Бұл туралы Telegram-дағы Рыбакинаның ракеткасы арнасы хабарлады. Соня Жиенбаеваның жасы 17-де. Ол 2006 жылы 2 шілдеде Алматы қаласында туған. Оның анасы – қазақ, әкесі – неміс ұлтынан. Бала кезінде Соня Жиенбаева отбасымен Германияға көшкен. 2022 жылы ол жасөспірімдер арасында әлемдік рейтингіде үздік 30 теннисшінің қатарына кірді.  Алты рет ITF ...

    Read More »

    Қазақстан құрамасы түгелімен Баходир Жалоловтың үйлену тойына барды (ВИДЕО)

    Ташкент қаласында Өзбекстанның аса ауыр салмақтағы атақты боксшысы Баходир Жалоловтың үйлену тойы болды. Оның шаңырақ көтеру тойына бокстан Қазақстанның ұлттық құрама командасы да барып, той иесін құттықтап қайтты. Тойда ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов бірінші болып сөз сөйлеп, боксшыны үйлену тойымен құттықтады. Баходир Жалолов құрмет тұғырына жайдан-жай келген жоқ. Қазір Өзбекстанда боксқа қатты мән беріліп, ол жан-жақты дамып жатыр. ...

    Read More »

    Футзал. Қазақстан мен Өзбекстан жолдастық матч өткізеді

    Футзалдан Қазақстан құрамасы Ташкент қаласында Өзбекстан командасымен екі жолдастық матч өткізеді. Матчтар келесі жылдың 8-10 сәуір аралығында Өзбекстанның астанасында болады. 2021 жылы Астанада Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары өзара екі жолдастық кездесу өткізген. Алғашқы ойын 3:1 есебімен ұлттық құраманың жеңісімен аяқталса, екінші матчта Өзбекстан футзалшылары 4:6 есебімен жеңді. Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты элиталық іріктеу турнирінің соңғы ойынын сырт ...

    Read More »