• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Тұрар Қазанғапов

    Нысана көздеуден Әлем кубогына елімізден 15 мерген барады

    Нысана көздеуден еліміздің ұлттық құрамасы 24 қаңтар 1 ақпан аралығында Мысырдың астанасы — Каирде өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы.

    Онда әлемнің 66 елінен 625 спортшы бақ сынайды. Бұл жарыста Қазақстан намысын 15 спортшы қорғайды. Олар винтовкамен нысананы көздеушілер — Константин Малиновский, Никита Шахторин, Юрий Юрков, Елизавета Безрукова, Арина Алтухова, Александра Ле.

    Тапаншамен нысананы көздеушілер — Эльдар Иманқұлов, Валерий Рахимжан, Кирилл Цуканов, Ирина Юнусметова, Валерия Попелова, Малика Сейл, Никита Чирюкин, Руслан Юнусметов, Артемий Кабаков.

    Қазір нысана көздеуден Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасының 5 лицензиясына иелік етіп үлгерді.

    2023 жылы Әлем кубогының 11 кезеңінің қорытындысы бойынша Қазақстан 6 алтын, 7 күміс, 5 қола иеленген.

    Сонымен бірге Каир қаласында стенд атудан рейтингтік Әлем кубогы өтеді.

    Оған 27 мемлекеттен жиналған 300 таңдаулы мерген қатысады. Жарысқа ұлттық құрама сапында 16 спортшы сынға түседі. Бас жаттықтырушы – Сергей Колос.

    Бұл сынға әйелдер арасында Әсем Орынбай, Мария Дмитриенко, Наргиза Сарманова, Анастасия Прилепина, Ольга Хасянова, Адель Садақбаева, Рината Насырова, Диана Сабекова, ерлер арасында Артем Чикулаев, Максим Коломоец, Богдан Конченко, Никита Моисеев, Илья Пеньков, Ратмир Еникеев, Артем Седельников, Рахим Асади қатысады.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *