Францияның Тье қаласында көркем гимнастикадан Гран-при кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы.
Бұл жарыста ел намысын Айбота Ертайқызы қорғап жатыр. Ұлттық құрама спортшысы көпсайыстан іріктеу кезінде 123.800 балл жинап, барлық жаттығуда жүлдеге таласуға мүмкіндік алды.
Айта кетейік, жеңімпаз бен жүлдегерлер бүгін, 31 наурызда аяқталады.