• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    https://t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

    «Болашақтың ойындары» 2026 жылға ауыстырылады

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздегі су тасқыны салдарын жою және зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету үшін қаржыны үнемдеу мақсатында елімізде өтетін имидждік және басқа да ірі іс-шараларды өткізбеуді және кейінге шегеру туралы берген тапсырмасына байланысты биыл күзде ұйымдастырылатын Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу шығындарын оңтайландыру, «Болашақтың ойындары» халықаралық мультиспорт турнирін ұйымдастыру және өткізу бойынша дайындық жұмыстарын 2025 жылдан 2026 жылға ауыстыру туралы шешім қабылданды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.

    Еске сала кетсек, биылғы ақпанда президент Тоқаев Татарстанның Қазан қаласында өткен «Болашақтың ойындары» сайысының ашылу салтанатына қатысып, келесі жылғы мультиспорт турнирін Қазақстанда өтетінін мәлімдеген еді. Ал Қазада цифрлық және классикалық спортты біріктіретін 21 инновациялық фиджитал бағдарлама бойынша өткпен ойындарда Қазақстанның ойыншылары мен командалары спорттың 13 түрі бойынша сайысқа түсті.

    Жалпы бұл турнирде еліміздің 48 өкілі бақ сынады.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *