• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан теннис федерациясы

    Қазақстан теннисшілері WTA 1000 турнирінің төртінші айналымына шықты

    Еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Испанияның астанасы — Мадрид қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің төртінші айналымына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.

    Елена Рыбакина үшінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 72-орында тұрған мысырлық Майар Шерифпен ойнап, оны 6:1, 6:4 есебімен жеңді.

    Бірінші партияда Рыбакина 5:0 есебімен алға шықты. Содан кейін партияны 6:1 есебімен жеңді.

    Екінші сетте де отандасымыз 3:1 есебімен алға шығып, сол қарқынынан танған жоқ. Есеп — 6:4.

    1 сағат 30 минутқа созылған матчта Рыбакина 1 эйспен бірге 13 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.

    Енді Рыбакина ширек финалға шығу үшін рейтингіде 136-сатыдағы чехиялық, 18 жастағы Сара Бейлекпен кездеседі.

    Юлия Путинцева да Мадрид WTA 1000 турнирін сәтті өткізіп жатыр.

    Теннисші үшінші айналымда әлемнің 56-ракеткасы, америкалық Кэролайн Доулхайдтың мысын басты. Ол қарсыласын 6:2, 6:2 есебімен жеңді.

    Путинцева бір сағаттан астам уақытқа созылған ойында 5 брейк-пойнттың төртеуін мүлт жіберген жоқ.

    Юлия Путинцева ширек финалға шығу үшін ресейлік әлемнің 11-ракеткасы Дарья Касаткинамен жолығады.

    Александр Бублик те Мадрид (Испания) ATP 1000 турнирінің төртінші айналымына шықты.
    Ол үшінші айналымда әлемнің 15-ракеткасы, 21 жастағы америкалық Бен Шелтонмен кездесіп, одан 6:3, 7:6 (7:2), 6:4 есебімен айласын асырды.

    Бублик ширек финалға шығу үшін әлемнің 4-ракеткасы, ресейлік Даниил Медведев немесе рейтингіде 26-орындағы тағы бір америкалық Себастьян Кордамен ойнайды.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *