• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    olympic.kz

    Гимнасшы Айбота Ертайқызы да Азия чемпионы атағын алды

    Көркем гимнастикадан Қазақстан командасының спортшысы Айбота Ертайқызы Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында топ жарды.

    Ол таспамен жаттығуда алтын жүлдені жеңіп алды. Төрешілер оның өнерін 32,90 ұпайға бағалады.

    Күміс медальді өзбекстандық Тахмина Икромова, қола жүлдені жапониялық Рейна Мацусака иеленді.

    Бұған дейін Айбота Ертайқызы доппен жаттығуда күміс, шығыршықпен жаттығуда қола медаль алды.

    Бүгін сондай-ақ, Елжаңа Таниева екінші рет Азия чемпионы атағын жеңіп алған еді. Ол шығыршықпен жаттығудан Азия чемпионы атанды. Бұл жаттығуда спортшы 33,90 ұпай жинады.

    Кеше Таниев алғашқы алтын медалін алған болатын.

    Қазақстанның ересектер мен жасөспірімдер құрамалары да жақсы өнер көрсетті. Ересектер командасы 5 шығыршықпен жаттығуда Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. Ал еліміздің жасөспірімдер құрамасы командалық көпсайыстан алтын және күміс медальға ие болды.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *