• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы, Ұлттық Олимпиадалық комитет

    Астаналық гимнастар Қазақстан чемпионы атанды

    Астанада көркем гимнастикадан спорт шеберлері арасында Қазақстан чемпионаты аяқталды.

    Жекелей көпсайыста Астана қаласының тұрғыны Айым Мейіржанова ел чемпионы атағын жеңіп алды. Екінші орынды да Астананың спортшысы Эрика Жайлауова иеленді. Үздік орынға Шымкенттен келген Милана Парфилова ие болды.

    Топтық жаттығуларда астаналық гимнастар үздік нәтиже көрсетті. Екінші орынды Шығыс Қазақстан облысының өкілдері иеленсе, үшінші орын Солтүстік Қазақстан облысына бұйырды.

    Командалық есепте Астана құрамасы жеңіске жетті. Екінші орынға Қарағанды облысы орналасты. Одан кейінгі орынды Шығыс Қазақстан облысы қанағат тұтты.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *