• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы

    Су спортынан ӘЧ: Қазақстан финалдық кезеңге шыға алмады

    Су спорты түрлерінен Сингапурда өтіп жатқан әлем чемпионатында еліміздің қыздар құрамасы финалдық кезеңге шыға алмады.

    Топтық сайыс бойынша техникалық жаттығуда Ясмин Тұяқова, Даяна Джаманчалова, Ксения Макарова, Арина Мясникова, Жаклин Якимова, Айгерім Құрманғалиева, Анна Павлецова, Валерия Столбунова мен Жания Жиенғазы 230.8467 ұпай жинап, жарысты 14-орынмен аяқтады.

    Бұл сында бірінші орынды 306.2460 ұпаймен Қытай, екінші орынды 295.4633 бейтарап жалаумен жарысқа қатысқан спортшылар алса, үшінші сатыға 288.4091 ұпаймен Испанияның арулары орналасты.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *