Болгарияның астанасы — София қаласында дзюдодан кадеттер арасында әлем чемпионаты аяқталды.
Осы жарыста Қазақстан құрамасы бес медальді жеңіп алды. 60 келіге дейінгі салмақта Ернұр Батырғали құрмет тұғырының ең биік сатысына көтерілді.
66 келіге дейінгі салмақта Мұхаммедәлі Жылқайдар күміс жүлдені иеленді. Ал 50 келіге дейінгі салмақта Арман Мыса, 66 келіге дейінгі салмақта Ролан Қайырғали және 90 келіден аса салмақта Әділжан Жаудинов қола медальге ие болды.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА