• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан футбол федерациясы

    Қазақстан Солтүстік Македонияны соңғы мүмкіндігінен айырды

    Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы Солтүстік Македония командасымен ойнап, 1:1 есебімен тең түсті.

    Бұл матчта ұлттық құрама жақсы ойнады. Алаң иелері де жеңіске жетуге бар күш-жігерін салды. Командалардың гол соғуға бір емес, бірнеше мүмкіндіктері болды.

    Бірінші болып допты торға Қазақстан құрамасы тоғытты. Ойынның 54-минутында Дінмұхамед Қараман ұлттық құраманы  алға шығарды. Одан кейін македониялық Энис Барди 74-минутта таразы басын теңестірді.

    Матчта жас шабуылшы Ғалымжан Кенжебектің ойыны көзге түсіп отырды. Оның қос қапталдан суырылып шығып, тепкен соққылары қарсыластың қақпасына кәдімгідей қауіпті төндіріп жатты. Осы жерде айта кететін бір нәрсе, жас талантқа Испанияның «Бетис» клубы қызығушылық танытып жатыр деген әңгіме бар.

    Қақпашы Мұхамеджан Сейсен де бірнеше рет сейв жасап, қақпаны қорғап қалды. Жалпы айтқанда, ұлттық құраманың барлық ойыншысы өз позициясында лайықты ойын өрнегін көрсетті.

    Бұл топта Бельгия құрамасы сырт алаңда Уэльсті 4:2 есебімен жеңіп, әлем чемпионатына жолдама алуға жақын қалды. Ал Солтүстік Македония Қазақстанмен тең ойнап, мундиальға шығу мүмкіндігінен толығымен айырылды. Енді отандастарымыз алдағы ойынын 15 қарашада өз алаңында әлемдік додаға жолдама алуға жақын қалған Бельгиямен ойнайды.

    Осы ойыннан кейін Қазақстан құрамасының еншісінде 7 ұпай бар.

    Әлем чемпионаты-2026. Іріктеу кезеңі, J тобы

    Солтүстік Македония – Қазақстан – 1:1 (0:0)

    Голдар: Энис Барди 74 – Дінмұхамед Қараман 54

    Ескерту: Исник Алими 45+1 – Бактиер Зайнутдинов 64, Бағдат Қайыров 65, Исламбек Қуат 81, Дәурен Жұмат 90+4

    Солтүстік Македония: Столе Димитриевски (Қ) – Эгзиян Алиоски, Джоко Зайков, Дарко Велкоски (Тихомир Костадинов 46), Андрей Стойчевски (Никола Серафимов 75) – Исник Алими (Александар Трайковски 75), Боян Илиевски, Боян Миовски (Дарко Чурлинов 46), Энис Барди (К), Элиф Элмас – Милан Ристовски (Эльмин Растодер 62);

    Қосалқы құрам: Деян Илиев (Қ), Дамьян Шишковски (Қ) – Стефан Деспотовски – Стефан Ашковски, Давид Бабунски, Яни Атанасов, Лука Станковски;

    Бас жаттықтырушы: Благоя Милевски.

    Қазақстан: Мұхаммеджан Сейсен (Қ) – Ян Вороговский (Наурызбек Жагоров 85), Әлібек Қасым, Нұралы Әліп (К), Бағдат Қайыров​ – Исламбек Қуат, Дінмұхамед Қараман (Муроджон Халматов 70), Бактиер Зайнутдинов (Дамир Қасабулат 85) – Ғалымжан Кенжебек (Дәурен Жұмат 61), Ислам Чесноков, Иван Свиридов (Артур Шушеначев 61);

    Қосалқы құрам: Стас Покатилов (Қ), Бекхан Шайзада (Қ) – Сұлтанбек Астанов, Әділбек Жұмаханов, Сергей Малый – Георгий Жуков, Алмас Төлібай;

    Бас жаттықтырушы: Талғат Байсуфинов.

    Төрешілер: Хуан Мартинес, Диего Барберо, Ассистенты рефери, Иван Массо (бәрі – Испания)

    VAR төрешісі: Хавьер Иглесиас Вильянуэва (Испания)

    AVAR төрешісі: Гильермо Куадра (Испания)

    13.10.2025. 23:45. «Тоше Проески», Скопье.

    Ұлттық құрама қазірге дейін Бельгия (0:6), Солтүстік Македония (0:1) және екі мәрте Уэльс (1:3, 0:1) құрамасынан жеңіліп, Лихтенштейннен екі мәрте (2:0, 4:0) басым түсті.

    Солтүстік Македония Лихтенштейнді (3:0, 5:0) екі рет жеңсе, Бельгиямен екі рет (1:1, 0:0), Уэльспен (1:1) тең ойнады.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *