• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы

    Әмір Закиров — брейкингтен әлем чемпионы!

    Әмір Закиров БАӘ-нің Дубай қаласында өтіп жатқан брейкингтен WFADS тұжырымы бойынша әлем чемпионатында топ жарды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

    B-Boy Amir лақап атымен танылған спортшымыз ересектер арасында ешкімге дес бермеді. Финалда жерлесіміз америкалық Мигель Анхель Росарионы (Bboy Gravety) жеңді.

    Осы арқылы Әмір Закиров қазақ брейкингінің әлемдік аренада жоғарғы бәсекеге қабілетті екенін көрсетті. Закиров былтыр Париж Олимпиадасына қатысып, ширек финал жеткен.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *