• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан күрес федерациясы

    Күрестен әлемдік дода қыза түсті

    Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатында әйелдер күресі басталып, грек-рим күресінен шешуші белдесулер жалғасын тапты.

    Қазақстан атынан алғаш болып бозкілемге Бейбіт Сейдуәлі шықты. Ол 65 келіге дейінгі салмақта алғашқы айналымда Гонконг өкілі Цуй Тин Саумен белдесті.

    Бейбіт Сейдуәлі қарсыласын айқын басымдықпен 10:0 есебімен жеңіп, 8/1 финалға жолдама алды. Бұл айналымда ол Чили өкілі Хименес Фернандестен 3:2 есебімен айласын асырып, ширек финалға шықты. Алайда ол Моңғолия өкілі Энхжин Түвшинжаргалмен күресіп, қарсыласынан 1:3 есебімен есе жіберді. Сөйтіп, жартылай финалға шыға алмады.

    Одан кейін Зейнеп Баянова да әйелдер күресінен алғаш рет күрес алаңына шықты. Ол 50 келіге дейінгі салмақта 8/1 финалда Өзбекстан өкілі Актенге Кеунимжаевамен күресіп, қарсыласын 7:1 есебімен жеңді.

    Осылайша, Зейнеп Баянова әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды. 4/1 финалда ол моңғолиялық Отгонжаргал Долгоржавпен күресіп, 5:4 есебімен жеңіске жетті. Ал ерлерден грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының балуаны Бағдат Сабаз финалдық кезеңге жолдама алды.

    Отандасымыз 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұбаныш белдесуінде Қытай өкілі Цзинь Синьсиньнен басым түсті.

    Осылайша, Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола медалі үшін белдесуге мүмкіндік алды.

    Финалдық кезең бүгін сағат 18:00-де басталады.

    Нилуфар Раимова ширек финалға шықты. Ол 57 келіге дейінгі салмақта 8/1 финалда Ресей өкілі Анастасия Яндущкинадан 7:5 есебімен басым түсті. Содан кейін отандасымыз Украина спортшысы Александра Хоменецті 12:6 есебімен жеңді.

    Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Гүлмарал Еркебаева 8/1 финалда 76 келіге дейінгі салмақта Франция спортшысы Кендра Дашермен жолықты. Бұл сында Гүлмарал Еркебаева қарсыласын 7:0 есебімен жеңіп, ширек финалға жолдама алған еді. Бірақ 4/1 финалда жарысын аяқтады. Ол Кадрие Кожак Аксоймен (Түркия) белдесіп, 8:12 есебімен жеңіліп қалды.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *