• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Ұлттық Олимпиада комитеті

    Нұрқожа Қайпанов: «Жауапкершіліктің салмағынан аяқ-қолым істемей қалды»

    Нұрқожа Қайпанов күрестен Астанада өткен әлем чемпионатының финалында белдесіп, күміс жүлдегер атанғаны белгілі. Ол финалдағы күресі туралы өз ойын айтты.

    «Белдесу мен үшін өте қиын болды. Негізі күреске толық дайын болдым. Алайда өзіме шамадан тыс жауапкершілік алған сияқтымын. Әсіресе командаластарымның жеңілісінен кейін ауыртпалық түскендей болды. Енді қазақ халқын қуантқым келді. Бірақ финалда Ресей балуаны басым түсті.

    Бозкілемге шыққан сәтте қатты қиын болды. Жауапкершіліктің салмағы әсер етті ме, әйтеуір аяқ-қолым істемей қалды. Дегенмен бұл жеңілістен кейін тоқтап қалмаймыз. Әрі қарай еңбек етеміз. Алдымызда әлем чемпионаты мен Олимпиада ойындары күтіп тұр», деді ол.

    Ол алдағы уақытта да осы салмақ дәрежесінде күресе беретінін айтты.

    «Төрт жарыс қатарынан осы салмақта күрестім. Сондықтан әлі де өзімді дәлелдеп, биік белестерді бағындыруым керек.

    Өз елімізде, жанкүйерлеріміздің алдында күресу мен үшін үлкен бақыт. Осыдан жеті жыл бұрын өткен әлем чемпионатында да күміс жүлдегер атанған едім. Бұл жолы да қазақ халқының ерекше қолдауын сезіндім. Сол үшін барша жанкүйерге алғыс білдіремін», деді Қайпанов.

    Биылғы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы бес медаль жеңіп алды. Оның ішінде бір күміс және төрт қола жүлде бар. Ұлттық құрама жалпыкомандалық есепте 15-орынға ие болды.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *