• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Қарағандыда 7 жасар балаға футбол қақпасы құлады

    Қарағандыда үй ауласындағы алаңда темірден жасалған футбол қақпасы құлап, 7 жасар баланы басып қалды.

    Қақпа баламның аяғына құлады. Ал егер жақынырақ тұрса, ол ұлымның басына құлап кетер еді, – деді зардап шеккен баланың анасы.

    Осыдан кейін Қарағанды қаласының әкімдігі мердігер ұйымдардың балалар алаңындағы тексеруді бастағанын хабарлады.

    Футбол алаңы 2020 жылы аула аумағын абаттандыру кезінде жабдықталған. Былтыр мердігерлер футбол алаңдарына қақпалар орнатқанда кей жерлерде бекітпелері жарамсыз болып қалған. Енді қайта жөндеу жұмыстары басталды.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *