Қазақстанның жекелеген сындағы бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Германияның Штутгарт қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирін жеңіспен бастады.
Ол турнирдегі алғашқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 65-орында тұрған германиялық Юле Нимайермен өткізді. Қарсыластардың бұған дейін өзара жолдары тоқайласпаған еді.
Елена Рыбакина бір жарым сағатқа созылған матчта 7:5, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Қазақстан теннисшісі 9 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың үшеуін өз есебіне жазды.
Енді Рыбакина ширек финалға шығу үшін әлемнің 14-ракеткасы, бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен кездеседі.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА