14-20 тамызда Иорданияның астанасы — Амман қаласында 21 жасқа дейінгі спортшылар арасында күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтеді.
Бұл дода негізі Польшаның астанасы — Варшава қаласында өтуі керек болатын. Алайда Польша елі спортшылардың қауіпсіздігіне кепілдік бермегендіктен Біріккен күрес әлемі (UWW) 21 жасқа дейінгі спортшылардың басты додасын Иорданияның астанасы — Амман қаласына ауыстыруға шешім қабылдады.
Бұл жолғы дүбірлі додаға 672 балуан қатысып, жарыс жолына бірінші болып 14 тамызда еркін күрес балуандары шығады. Одан кейінгі кезек әйелдер күресіне келсе, әлем чемпионатын грек-рим күресі балуандары аяқтайды.
Енді оқырманның назарларына Амманда ел намысын қорғайтын еркін күрес балуандарының тізімін ұсынамыз.
57 кг — Мерей Базарбаев (Алматы қаласы)
61 кг — Әбдінұр Нұрланбек (Жамбыл облысы)
65 кг — Санжар Мұхтар (Жамбыл облысы)
70 кг — Егор Анчугин (Алматы қаласы)
74 кг — Ерхан Бексұлтанов (Ақмола облысы)
79 кг — Мағжан Жанырбай (Жетісу облысы)
86 кг — Иманғали Қалдыбек (Түркістан облысы)
92 кг — Ризабек Айтмұхан (Алматы қаласы)
97 кг — Камиль Куруглиев (Маңғыстау облысы)
125 кг — Марлен Құрлысбек (Шымкент қаласы)
!
Мұсағали ТАСҚАЛИЕВ,
АҚТӨБЕ
ФОТО: kazwrestling_official