• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    WT Таэквондодан АЧ: Қазақстан құрамасы тағы 6 жүлде алды

    Ливанның астанасы Бейрут қаласында WT таэквондодан жасөспірімдер арасында өткен Азия чемпионатында ел қоржынына тағы 6 жүлде түсті.

    Бұған дейін хабарланғандай, қола жүлдені Әлібек Нұрғазы (45 кг), Самал Берікқызы (+68 кг, екеуі де Алматы қаласынан) мен Атырау облысының спортшысы Мерей Мәлік (63 кг) иеленген болаты. Одан кейін Бектөре Оралханов (51 кг,  Алматы қаласы) пен Дария Манасқызы (68 кг, Маңғыстау облысы) Азия чемпионатының қола жүлдесін алды. Ал кеше жарыстың соңғы күні Әнуар Мұхаметкәрімов (59 кг) пен Батырхан Төлеуғали (73 кг, екеуі де ШҚО), Әділ Тілеуғабылов (68 кг, Астана қаласы) мен Альмира Қанат (59 кг, Маңғыстау облысы) Азия чемпионатының қола медалін иеленді.

    Осылайша Қазақстан құрамасы Азия чемпионатын 9 қола жүлдемен қорытындылады.

    Сонымен қатар Таэквондо федерациясы төрешілер алқасының төрағасы Дәурен Алғабаев чемпионаттың ең үздік төрешісі атанды

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *