• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    «Мен — чемпионмын» дегеннің бәрін нокаутқа жіберемін — Жәнібек Әлімханұлы

    Жақында АҚШ-тың Розенберг қаласында германиялық Винченцо Гуальтьеримен жекпе-жекте IBF чемпионы атағын жеңіп алған боксшы Жәнібек Әлімханұлы енді WBC пен WBA белбеулері үшін шаршы алаңға шығатынын мәлімдеді.

    Қазір қазақ боксшысында осы жеңістен кейін Бүкіләлемдік бокс ұймының (WBO) пен Халықаралық бокс федерациясының (IBF) чемпионы деген атақ бар. Енді ол Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) мен Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBA) үздік боксшысы атанғысы келетінін айтты.

    Мен төрт белбеуді алмай тыныш отырмаймын. Маған тағы екі белбеу керек. Мен бұйыртса, WBC пен WBA атағын алуға барымды саламын. Мен қазіргі екі белбеуімді сақтап қалу үшін жекпе-жек өткізгім келмейді. Маған басқа да титулдар керек. Мен «чемпионмын» дегеннің бәрін нокаутқа жіберемін, — деді ол.

    Сонымен бірге боксшы өзіне қолдау көрсетіп келе жатқан барша отандасымызға, президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстан бокс федерациясының президенті, меценат Кеңес Рақышевке алғыс айтты.

    Бұйыртса тарихи жекпе-жекке де аз қалды! Тарих жасауға дайынбыз! Қазақ стилінің тарихта қалуына қолдауын көрсетіп жатқан Кеңес Рақышев ағама ерекше алғыс айтқым келеді. Алаңсыз жаттығып, дайындықты жоғары деңгейде өткіздік. Жекпе-жек алдында да хабарласып, сәттілік тілеп сенімге сенімге қосып жатыр! Жеңісті күнде жолығайық, Қазақ елі! Қолдауларыңызға көп рахмет!, — деді ол.

    Бұған дейін қазақ боксшысы 15 рет рингке шығып, бәрін жеңген. 10 жекпе-жекте қарсыласын нокаутқа түсірген. Соңғы айқаста Жәнібек Әлімханұлы Винченцо Гуальтьериді техникалық нокаутпен жеңді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    ФОТО: Facebook.com/janibekalimkhanuly

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *