• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Параазиадада тағы бір Қазақстан спортшысы қола медаль алды

    Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан IV Пара Азия ойындарында Қазақстан спортшыларының қоржыны тағы бір медаль түсті.

    Роман Потапов S12 санаты бойынша 100 метр қашықтықты арқамен жүзуде қола медаль жеңіп алды. Оның көрсеткіші — 1 минут 10.25 секунд.

    Алтын медальді индонезиялық Иавианда Маулана Рифки (1: 03.55) иеленді. Ираннан келген Карими Йохан Абади Мохаммад Хоссейн (1:09.05) күміс медаль иегері атанды.

    Осымен Қазақстан спортшылары екі алтын, үш күміс және төрт қола медаль алды.

    Биылғы Пара Азия ойындары Қытайдың Ханчжоу қаласында болып жатыр. Ол 22 қазанда басталды. Параазиада 28 қазанға дейін болады. Биылғы жарысқа  елімізден спорттың 14 түрінен 131 спортшы қатысуда.

    Параазиадада жалпы саны спорттың 22 түрінен 564 жүлде жиынтығы ойнатылатын болады. Атлеттер пара дзюдо, пара пауэрлифтинг, пара жүзу, пара жеңіл атлетика, пара таэквондо, пара оқ ату, пара садақ ату, отырып ойнау волейболы, пара үстел теннисі, пара велоспорт, пара академиялық есу, шахмат, бочча, каноэ сынды жарыстарға қатысады.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    ФОТО: Туризм және спорт министрлігі

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *