• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    https://t.me/sportqazaq

    Олимпиада чемпионы жаңа қызметке тағайындалды

    Алматыда өткен Су спорты түрлері федерациясының конференциясында ұйымның президенті сайланып, вице-президенті тағайындалды.

    Жиында федерацияның президенті қызметіне Андрей Крюков бірауыздан сайланды. Сонымен қатар, федерация атқарушы комитетінің жаңа құрамы жасақталды.

    Рио-де-Жанейро қаласында өткен Олимпиаданың чемпионы Дмитрий Баландин федерацияның вице-президенті қызметіне тағайындалды.

    Конференцияда бұдан былай федерацияның атауы Kazakh Aquatics деп өзгертілетіні хабарланды.

    Бес спорт түрін біріктірген федерация су спорты түрлерінен халықаралық қауымдастықтың мүшесі.  Федерацияның алты мүшесі World Aquatics халықаралық федерациясының басқарушы органдарында қызмет етеді. 50-ден аса қызметкері халықаралық федерацияның техникалық комитеттері мен спорт түрлері бойынша халықаралық төрешілер корпусына мүше.

    Биылғы Азиадада Қазақстан ссу спорты түрлерінен көңіл көншітерлік нәтиже көрсеткен жоқ. Су добынан еліміздің әйелдер құрама командасы қола медальді алып, алға қойған жоспарды орындап шықты.

    Ерлер құрамасы Азия ойындарының бірнеше дүркін чемпиондары бола тұра финалға шыға алмады. Олар да қола жүлдені қанағат тұтты. Нәтижесінде ватерполшыларымыз 3-орын алса да Олимпиадаға берілетін  лицензиядан құр қалды. Енді ұлттық құрамамыз алдағы әлем чемпионатында Олимпиада жолдамасы үшін тағы жарысқа қатысады.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *