• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    https://t.me/sportqazaq

    Рыбакина Доха турнирінде тағы да жеңіске жетті

    Теннисші Елена Рыбакина Катардың Доха қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты.

    Бұл жарыста Рыбакина үшінші ракеткасы болып тіркеліп, үшінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 23-орында тұрған америкалық 22 жастағы спортшы Эмма Наварромен кездесті. Оның алдында ол қытай теннісшісі Чжу Линьді жеңіп, ¼ финалға жолдама алған болатын. Ал Наварромен ойында Рыбакина матчты жақсы бастап, бірінші партияда 5:0 есебімен алға шығып, сетті 6:1 есебімен жеңді.

    Екінші сетте тай-брейкте Наварроның асығы алшысынан түсті. Ол 7:6 (8:6) есебімен басым түсті.

    Үшінші, шешуші партияда Елена Рыбакина брейк жасап, 4:2 есебімен алға шықты. Содан кейін қарсыласына ұпай жинауға мүмкіндік бермей, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

    Мачт 2 сағат 10 минутқа созылды. Осы уақытта отандасымыз 10 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың алтауын жақсы пайдалана кетті.

    Енді Рыбакинаны жартылай финал күтіп тұр. Ол ½ финалға шығу үшін әлемнің 38-ракеткасы, 2021 жылғы АҚШ ашық чемпионатының финалисі, канадалық Лейла Фернандеспен кездеседі.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *