• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Сеньор — ардагер шахматшылардың чемпионаты

    Қазір дүниежүзілік ФИДЕ бойынша шахматтан ардагер — сеньорлар жарысын жыл сайын өткізу қолға алынған. Осыған орай Қазақстан біріншілігі сәуір айының 20-сынан кейін Петропавл қаласында өтеді. Онда чемпион болған шахматшы әлем біріншілігіне, ал екінші орын алған жүрдегер Азия бірігіншілігіне қатысуға жолдама алады.

    Бұған дайындық ретінде Астана мен Павлодар қалаcында жарыс өткізу бұрын да қолға алынған. Ал Алматы қаласында сайыс бірінші рет өтіп отыр.  Біріншілікте ардагердің жасы 65-тен және 50- ден асқан шахматшылар сайысы чемпионат тәртібіне сәйкес жеке-жеке өткізілді. Ойын дәстүрлі швейцар жүйесімен өтіп, тоғыз кездесумен аяқталды.

    65 жастан асқан жиырма сегіз шахматшы арасында 8 ұпай жинаған Берік Тілеуімбетов чемпион атанды.7 ұпаймен Алексей Блохин екінші, ал одан жарты ұпай кем көрсеткішпен Сабыр Сыздықов үшінші орынды иеленді.

    50 жастан асқан шахматшылар арасында 9 ойында толық ұтқан Кирилл Карпунин жеңімпаз тұғырына көтерілді. 7 ұпаймен Мәлік Төрекешев екінші, 6 ұпаймен Арсилан Алахунов үшінші орынға шықты.

    Әйелдер арасында ерлермен қатар ойнап, 5 ұпай жинаған Ирина Бұланова чемпион атанса , 4,5 ұпаймен Елена Гайченя екінші, 4  ұпаймен Әсия Ахметова үшінші орында болды .

    Жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен ақшалай сыйақы тапсырылды . Оларды Алматы қаласы шахматшылар Одағының өкілі Серікгүл Нұрғалиева шахмат біріншілігіндегі жеңістерімен құттықтады. Сондай – ақ, сеньор — ардагер шахматшылардың келесі сатылы жарыстарында лайықты спорттық көсеткіштерге жетуіне тілек білдірді.

     

    Бақдәулет ҚҰМАР,

    АЛМАТЫ

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *