Бадминтоннан ұлттық құраманың спортшысы Дмитрий Панарин Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды.
Дмитрий Панарин олимпиялық рейтингте 25 005 ұпаймен 31-орынға шықты. Сондай-ақ Қазақстан командалық есепте алғашқы 25 елдің қатарына кірді.
Ол еліміздің бадминтоннан барлық санаттағы Олимпиялық ойындарда сынға түсетін тұңғыш спортшысы болады. Бадминтоншы осыған дейін 2018 жылы Аргентинаның астанасы — Буэнос-Айрес қаласында өткен жасөспірімдер Олимпиадасында сынға түскен. Ендігі кезек ересектер арасындағы басты бәсекеге келді.
Қазір Қазақстан делегациясында 13 спорт түрінен 33 лицензия (31 спортшы) бар.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА