Спорттық гимнастикадан ұлттық құрама көшбасшысының бірі Милад Карими Өзбекстанның астанасы – Ташкент қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында алтын жүлдені жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы.
Милад Карими кермедегі жаттығуда ең көп ұпай жинап (15.033 балл), биылғы сары құрлық чемпионатындағы үшінші медалін иеленді. Ол осыған дейін көпсайыс пен еркін жаттығуда күміс жүлде алған.
Бұл — 24 жастағы спортшының құрлық чемпионатындағы сегізінші жүлдесі (1 алтын, 3 күміс, 4 қола медаль).