Дзюдодан Қазақстанның әйелдер және ерлер құрамасы Біріккен Араб Әмірліктерінде өтіп жатқан әлем чемпионатында аралас командалық жарысты аяқтады.
Қазақстан құрамасы бірінші айналымда Германиямен кездесіп, 2:4 есебімен жеңіліп қалды.
Ел құрамасы сапында Камила Берліқаш пен Ерасыл Қажыбаев қана қарсыластарын жеңді. Ал Екатерина Токарева, Айдар Арапов, Бақыт Құсақбаева мен Дархан Қойбаған қарсыластарына есе жіберді.
Осылайша, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын бір қола жүлдемен аяқтады. Команда сапында Әбиба Абужақынова ғана қола жүлдегер атанды.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА
View this post on Instagram