• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Елдос Сметов Олимпиадада жүлде ала ма?

    Кеше БАӘ астанасы — Абу-Дабиде дзюдодан ересектер арасындағы ХХХVII әлем чемпионатының төртінші күні аяқталды.

    Жарыстың бірінші күні Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі Әбиба Абужақынова (48 кг) қола медаль алды. Сондай-ақ тәжірбиелі спортшымыз Олимпиаданың екі дүркін жүлдегері, әлем чемпионы Елдос Сметов (60 кг) бесінші орынға ие болды.

    Әлем чемпионатында Сметов нейтрал атлет Аяб Блиевтен және қола медаль үшін күресте Тайки Накамуродан (Жапония) жеңілді. Сметовті жеңген А.Блиев олимпиадалық рейтингте 23-орында (2667 ұпай), Т.Накамуро болса 37-орында (1550 ұпай) екен.

    Соңғы кездері Сметов Жапония мен Ресейдің спортшыларына есе жіберетін болған. Он күн бұрын Астанада өткен Grand Slam-2024 турнирінде Сметовті нейтрал атлет Рамазан Абдуллаев жеңді. Сегіз жыл бұрын Сметов Рио Олимпиадасының финалында Беслан Мудрановтан жеңіліп, алтын жүлдесіз қалған еді. Ал Токиода Наохисо Такатода жеңіліп, финалға шыға алмай үшінші орын алды.

    Жалпы, Сметов Париж Олимпиадасына барса Р.Абдуллаев (Ресей) пен Нагаяма Рюдзюмен (Жапония) кездеспесе жүлде алуы мүмкін. Бірақ рейтингте үздік 20-лықта тұрған қарсыластары Тайпэй, Испания, Франция, Әзербайжан, Оңтүстік Корея, Грузия, Түркия, Украина, Моңғолия мен Өзбекстан спортшылары да оңай қарсылас емес.

    Сметов соңғы екі әлем чемпионатында (Доха-2023, Әбу-Даби-2024) жүлде ала алмай қалды.

     

    Айбек МҰХАНОВ,

    АҚТАУ

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *