Қазақстан құрамасының теннисшісі Елена Рыбакина Ар-Риядта(Сауд Арабиясы) болып жатқан WTA қорытынды турнирінде үшінші рет кортқа шығып, әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкомен (Беларусь) ойнады, деп хабарлады Olympic.kz.
Рыбакина Соболенконы үш сетке созылған ойында 6:4, 3:6, 6:1 есебімен жеңді.
Бұл матч турнирдің топтық кезеңі аясында болды. Бұған дейін Рыбакина алғашқы екі ойында италиялық Жасмин Паолини мен қытайлық Чжан Цинвэнге есе жіберді. Ал, Соболенкомен ойын алдында Рыбакина жартылай финалға шыға алмаған еді. Сондықтан бұл ойын турнирге еш әсер еткен жоқ.