• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Ұлттық Олимпиадалық комитет

    Балуандар Мажарстандағы турнирде жеті жүлдені иеленді

    Мажарстанның Будапешт қаласында күрес түрлерінен Polyák Imre & Varga János Memorial турнирі болды.

    Осы турнирде қазақстан құрамасының балуандары 7 медальді жеңіп алды.

    Еркін күрестен 61 кг салмақта Асылжан Есенгелді қола жүлдеге ие болды.

    Грек-рим күресінен Марлан Мұқашев (55 кг) күміс медаль алса, Ержет Жарлықасын (63 кг) мен Әлімхан Сыздықов (130 кг) қола медальға ие болды.

    Әйелдер күресінен Жәмила Бақбергенова (72 кг) күміс жүлдені иеленсе,  Нилуфар Раимова (57 кг) мен Эльмира Сыздықова (76 кг) құрмет тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *