• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан теннис федерациясы

    Бейбіт Жұқаев алғаш рет Вашингтон АТР 500 турниріне жолдама алды

    Әлемнің 216-ракеткасы, 24 жастағы Бейбіт Жұқаев АҚШ-тың Вашингтон қаласында өткен ATP 500 турнирінің іріктеу кезеңін жеңіспен аяқтады, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.

    Теннисші іріктеу сайысының финалында әлемнің 324-ракеткасы, 30 жастағы итальян теннисшісі Андреа Вавассоримен ойнады.

    Бірінші партияда Бейбіт Жұқаев 4:2 есебімен алға шыққанымен, италиялық теннисші таразы басын теңестірді. Сөйтіп, есеп 4:4 болды. Дегенмен Жұқаев тағы бір брейк жасады. Есеп – 7:5.

    Екінші сетте тай-брейкте италиялық спортшы сәтті ойнады. Есеп — 7:6 (11:9). Үшінші, шешуші партияда есеп 4:4 болған кезде Бейбіт Жұқаев брейк жасап, матчты эйспен аяқтады. Қорытынды есеп — 6:4.

    Осылайша, Бейбіт Жұқаев алғаш рет Вашингтон ATP 500 турниріне  жолдама алды.

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *