Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина АҚШ ашық чемпионатының үшінші айналымына шықты.
Ол «Үлкен дулыға» турнирінің 9-ракеткасы болып тіркеліп, Сербия спортшысы Александра Крунич екеуі екінші айналымда Румыния теннисшісі Моника Никулеску мен Латвияның өкілі Анастасия Севастовамен ойнады.
Бірінші партияда Данилина мен Крунич қарсыластарын 6:2 есебімен жеңді.
Екінші сетте де 5:1 есебімен басым түсті. Содан кейін Румыни мен Латвияның спортшылары брейк жасады. Дегенмен Данилина мен Крунич матчта брейк жасап, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Бұл матч 1 сағат 9 минутқа созылды. Данилина мен Крунич 3 эйспен бірге 10 брейк-пойнттың тең жартысын тиімді пайдаланды. Ал Никулеску мен Севастова 2 эйс, 1 брейкпен шектелді.
Анна Данилина мен Александра Круничтің келесі қарсыластары кейін белгілі болады.
Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатының ширек финалына шыға алмады.
Ол төртінші айналымда әлемнің 60-ракеткасы, чехиялық Маркета Вондроушовамен ойнады.
Е.Рыбакина 2022 жылы Уимблдонда үздік шықса, М.Вондроушова бір жылдан кейін чемпион атанған еді.
Қарсыластар осыған дейін екі рет ойнап, бір-бірден жеңіске жеткен еді. Бұл жолы Рыбакина Вондроушовадан айласын асыра алмады.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА