Дзюдодан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Азия чемпионатының екінші күнінде 1 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.
Ел құрамасынан Інжу Жұмажан (57 кг) алтын, Тоғжан Төлебай (70 келіден аса салмақ) күміс жүлде алса, Ерасыл Болатбек (81 кг), Ұлдана Қожаназарова (70 кг) мен Ердәулет Жұмабай (90 кг) қола жүлдеге ие болды.
Бүған дейін Азия чемпионатының алғашқы күні ел құрамасынан Фархат Зейнолла (50 кг) чемпион атанса, Бекнұр Амангелді (55 кг), Таңжарық Момынтай (60 кг) мен Заманбек Бақтығали (66 кг) күміс медаль алды. Ал Әбіш Пердалы (50 кг), Аслан Ерғалиев (55 кг), Зере Талғатқызы (40 кг), Аяжан Ринатқызы (48 кг) мен Жанайым Маратбек (52 кг) үшінші орынды қанағат тұтты.
Осылайша, Қазақстан құрамасы жалпы саны 2 алтын, 4 күміс және 8 қола жүлдемен жалпы медаль кестесінде үшінші орынға шықты.
Жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты Индонезияның астанасы Джакарта қаласында болып жатыр. Оған 21 елден 200-ге жуық татами шебері қатысуда.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА