• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Ілияс ОМАРОВ

    Чемпиондар лигасы: «Спортинг» — «Қайрат» матчы қай телеарнадан көрсетіледі?

    UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңіне шыққан Алматының «Қайрат» клубының Португарлияның «Спортинг» командасымен матчы 17 қыркүйектен 18 қыркүйекке қараған түні сағат 00:00–де Qazaqstan телеарнасынан көрсетілетіні белгілі болды.

    Ойынның бас төрешісі міндетін польшалық Дамиан Сильвестжак атқарады. Оған оның отандастары Павел Сокольницки мен Адам Карасевич көмектеседі. Төртінші төреші де Польша елінің өкілі Марцин Коханек болады.

    «Қайрат» Чемпиондар лигасында «Реал Мадрид» (Испания), «Интер» (Италия), «Арсенал» (Англия), «Брюгге» (Бельгия), «Спортинг» (Португалия), «Олимпиакос» (Грекия), «Пафос» (Кипр), «Копенгаген» (Дания) клубтарымен ойнайды.

    Алматының клубы  4 командамен өз алаңында болса, 4 жасақпен сырт алаңда күш сынасады.

    Негізгі кезеңде барлығы 36 команда сынға түседі. Бірінші тур биыл 16 қыркүйекте басталса, сегізінші тур 2026 жылдың 28 қаңтарында болады. Ал плей-офф 16-18 ақпан, 1/8 финал 10-11 наурыз, ¼ финал 7-8 сәуір, ½ финал 28-29 сәуір, финал 30 мамырға белгіленген.

    Еске сала кетсек, «Қайрат» турнирдің алғашқы үш іріктеу кезеңінде Словенияның «Олимпия» (1:1, 2:0), Финляндияның КуПС (0:2, 3:0), Словакияның «Слован» (1:0, 0:1, пенальтиден 4:3) командасынан айласын асырып, плей-офф кезеңінде Шотландияның «Селтик» командасын (0:0, 0:0, пенальтиден 3:2) жеңіп, негізгі кезеңге жолдама алған еді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *