Бүгін АҚШ-тың астанасы Вашингтон қаласында футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының жеребесі тартылды.
Онда мундиальға қатысатын ұлттық құрама командалар төрт қоржынға бөлінді. Қазір чемпионатта ойнайтын 42 команда белгілі болып отыр. Ал қалған құрамалар келесі жылы көктемде плей-офф ойындарында анықталады.
А тобы: Мексика, Оңтүстік Африка, Оңтүстік Корея, еуропалық С жолы плей-оффы (Дания/Солтүстік Македония/Чехия/Ирландия)
B тобы: Канада, еуропалық А жолы плей-оффы (Италия/Солтүстік Ирландия/Уэльс/Босния және Герцеговина), Катар, Швейцария.
C тобы: Бразилия, Марокко, Гаити, Шотландия.
D тобы: АҚШ, Парагвай, Австралия, еуропалық С жолы плей-оффы (Түркия/Румыния/Словакия/Косово)
E тобы: Германия, Кюрасао, Кот-д′Ивуар, Эквадор.
F тобы: Нидерланд, Жапония, еуропалық В жолы плей-оффы (Украина/Швеция/Польша/Албания), Тунис
G тобы: Бельгия, Египет, Иран, Жаңа Зеландия
H тобы: Испания, Кабо-Верде, Сауд Арабиясы, Уругвай
I тобы: Франция, Сенегал, құрлықаралық өтпелі ойындар — 2 бағыт (Боливия/Суринам/Ирак), Норвегия
J тобы: Аргентина, Алжир, Аустрия, Иордания
K тобы: Португалия, құрлықаралық өтпелі ойындар — 1 бағыт (Жаңа Каледония/Ямайка/Конго ДР), Өзбекстан, Колумбия
L тобы: Англия, Хорватия, Гана, Панама.
Биылғы теңбіл доп додасына алғаш рет 48 құрама қатысады. Әрбір топтан алғашқы екі орын алған құрамалар мен үшінші орын алған 12 команда 1/16 финалға шығады.
Чемпионат 11 маусымда басталып, 19 шілдеде бітеді. 39 күнге созылады. Матчтар АҚШ, Канада, Мексикада болады.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары