• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Reuters

    Қысқы Олимпия ойындарының басталуына 10 күн қалды

    Италияның Милан–Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтетін Қысқы Олимпия ойындарының басталуына 10 күн қалды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.

    Төрт жылдықтың басты додасында Қазақстан ұлттық құрамасы спорттың 10 дисциплинасы бойынша бақ сынайды. Ел намысын барлығы 36 спортшы қорғайды. Оның ішінде 18 ер және 18 әйел спортшы бар.

    Ұлттық құраманың орташа жасы – 25 жас. Команда сапындағы ең жас спортшы – фристайл-акробатикадан сынға түсетін Асан Асылхан, ол небәрі 16 жаста. Ал ең тәжірибелі әрі жасы үлкен спортшы – шорт-тректен ел намысын қорғайтын Абзал Ажғалиев, жасы 33-те.

    Құрамадағы ең тәжірибелі спортшылардың бірі – фристайл-могул шебері Юлия Галышева. Ол 2018 жылғы Олимпия ойындарының қола жүлдегері. Сондай-ақ, спортшы 2010, 2014, 2018 және 2022 жылдардағы Олимпиадаға қатысқан.

    Қысқы Олимпия ойындары 2026 жылғы 6–22 ақпан аралығында Италияда болады. Дүбірлі додаға әлемнің 93 елінен 3 500-ден астам спортшы қатысады деп жоспарланған.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *