Жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір алтын мен қола медаль түсті.
Нұржан Жұмабай жас жеткіншектер арасында 95 келіге дейінгі салмақта топ жарды. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 354 (159+195) келіні көтерді.
Әлихан Әскербай дәл осы салмақта жасөспірімдер арасында үшінші орын алды. Отандасымыз қоссайыстың нәтижесі бойынша 361 (163+198) келіні басынан асырды.
77 келіден аса салмақта жас жеткіншектер арасында Софья Шешукова 232 (100+132) келіні көтеріп, қола жүлдеге ие болды.
Кеше Ақжол Құрманбек қоссайыста 358 кг (160+198) көтеріп, Азия чемпионы атанды.
Оның алдында жасөспірімдер арасында Аянат Жұмағали 77 келіге дейінгі салмақта топ жарды. Ол қоссайыста 237 (104+133) келіні көтерді.
12 тамызда Төрехан Асанхан 70 келіге дейінгі салмақта екінші орын алды. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 269 (119+150) келіні басынан асырды.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары