• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Дауыс берген барлық жанкүйерге алғыс айтамыз!

    Онлайн-футболдан Қазақстан Журналистер лигасының ұйымдастыруымен өткен «Карантино CUP» турнирінде «Хабар» агенттігінің «Khabar» командасы жеңіске жетті.

    Бұл турнир елде карантиннің жариялануына байланысты дауыс беру пішінінде BAQ League жобасының Инстаграмдағы парақшасында жүргізілді. Яғни, аталған әлеуметтік желіге тіркелген оқырман парақшаға кіріп, бір рет дауыс бере алды. Жарыс екі аптаға созылып, оған 16 команда қатысты. Командалар күн сайын онлайн ойындар өткізді. Осы сайыстарда дауыс беру нәтижесінде ең көп ұпай жинаған клуб келесі кезеңге шығып отырды. Ал финал «Khabar» мен «Qsport» сайтының командалары арасында өтті. Бұл ойын 23 мыңға жуық оқырманды жинады. Дауыс беру 16 сәуір күні кешкі сағат 23.30-да басталып, келесі күні сағат 23.00-де бітті.

    Бұл додада «Khabar» клубы 10 725 дауыс жинап, 9 106 дауыс алған «Qsport» командасынан басым түсті. Осы жерде карантин кезінде онлайн-футбол өткізген BAQ League жобасының жетекшісі Әзиз Жұмаділге алғыс айтамыз. Сондай-ақ, қызықты және тартысты турнирге қатысқан барлық командаға және дауыс берген жанкүйерлерге ризашылығымызды білдіреміз.

    Енді менің өз ойыма келсем, «Khabar» командасы Қазақстан Журналистер лигасы (Bag league біріншілігі) басталғалы бері алаңда жақсы ойнап, мықтылығын дәлелдеп жүр. Олар тағы Қазақстанның Әуесқой футбол лигасында да ойнайды. Елдегі бүкіл журналистердің намысын қорғап, басқа көптеген мекемелердің клубтарымен күш сынасып келеді. Сондықтан мен журналист болған соң, Әуесқой футболшылар лигасында «Khabar» ұжымына болысып жүрмін және оған болыса беремін де.

    Ал команданың шетелдегі жарыстарына келсем, бұл команда біздің елдің атынан Журналистердің халықаралық лигасына қатысып келе жатқан жалғыз клуб. Менің білуімше, «Khabar» жасағының жігіттері шетелде Қазақстанның намысы үшін жан аямай ойнап жатыр. Қазір жер-жүзінде тау-тасты қопаратын Толағайлар өте көп. Сондай адамдар шетелдік әріптестеріміздің арасында да бар. Міне, солармен жігіттердің иық түйістіріп, иық теңестіріп күш сынасып жатқандарына риза боласың. Ойын болған соң, алаңда неше түрлі жағдай болады. Сондай кезде елдің намысы мен көк байрағымызды биіктен көрсету үшін «Khabar» ойыншылары ақ тер, көк терге түсіп, иықтарын шығарып, аяқтарынан жарақат алған жағдайлары да болған. Міне, ерлердің алаңдағы айқастары осындай болады.

    Сондықтан мен «Карантино CUP» онлайн-турнирінде өз дауысымды «Khabar» командасына бердім және сіздерден де соны сұрадым.

    Bag league жобасының Карантино кубогын ұйымдастырып жатқаны жақсы бастама болды. Бірақ кубоктың иегерін анықтау кезінде теңбіл доп өнерін түсінетін, оны бағалайтын адамдардың дауыстары басымырақ болса дедім. Түптеп келгенде бір Алла тағаланың бұйрығымен қарсыластарынан 1 616 дауыс көп жинаған «Khabar» командасы кубоктың иегері атанды.

    Әріптестерімізді осы жеңісімен құттықтаймыз! Лайықты жеңіс болды. Дауыс беру де жақсы өтті.

     

    Құрметпен, футбол жанкүйері, спорт журналисі, Sportpress.kz ақпараттық-сараптамалық спорт сайтының бас редакторы Дастан КЕНЖАЛИН

    2 пікір

    1. Төленби Рамазан Аблахатұлы

      Құттықтаймын , тек алда болуларыңа тілектеспін!

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *